Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық адам дамуының аса маңызды және қауіпті сын-қатерлерінің бірі болып табылады. Бұл мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, адамзат өркениетінің негізін бұзады. Адамдардың өмірінің барлық салаларының қалыпты дамуын бұзып, олардың адамгершілігі мен материалдық әл – ауқатын төмендетеді, сондай-ақ қалыпты адам өмірі үшін де, бизнесті жүргізу үшін де ең қауіпті дағдарыстардың бірі-сенім дағдарысын күшейтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы қабылданды.

Осыған байланысты, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отырады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынады, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкциялар күшейтілді.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілік институты енгізілді.

2023 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу, құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған.

  1. Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылау арқылы негізсіз байығандықтары үшін жауапкершілік енгізіледі.

Шенеуніктің шығыстары оның кірістеріне сәйкес келмегені үшін декларацияларды салыстыру қорытындылары бойынша фискалдық және мансаптық санкциялар қолданылатын болады.

Әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшіге шығыстардың заңдылығын растауға мүмкіндік беріледі.

Егер ол мұны істей алмаса, алшақтық сомасының 90% айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік туындайды. Айтарлықтай сәйкессіздік, атап айтқанда шенеуніктің жылдық табысынан асып кетсе, айыппұлдан басқа, ол теріс себептермен жұмыстан шығарылуы керек.

Негізсіз байыту фактілерін анықтау камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген.

Нормалар мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген адамдарға және олардың жұбайларына қолданылатын болады.

Новелланы енгізу мерзімі халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық қамтуды ескере отырып, 2027 жылға белгіленген.

Негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу Қазақстан 2008 жылы ратификациялаған БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының талаптарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

  1. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді. Түзетулер осындай адамдардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған.

Бұл адамдар тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартыла алмайды, лауазымынан босатыла алмайды немесе басқа лауазымға ауыстырыла алмайды.

Бұл ретте мемлекеттік орган немесе ұйым алқалы органның отырысына қатысу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілін шақыруға міндетті болады.

Сондай-ақ мұндай ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу арқылы осы адамдар туралы құпия ақпаратты қорғау шаралары күшейтіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық актілер мен басқарушылық шешімдерді орындау, сыбайлас жемқорлық мінез-құлық мүмкіндігін қиындататын және мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында салық және кеден жүйелерін тереңдетілген және кеңейтілген цифрландыру жүргізілуде. «Астана-1», «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі, «Тауарларды таңбалау» модулі, онлайн-БКМ құрылды және жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлық және оның көрінісі адамның мемлекеттік органдарға және жалпы әділеттілікке деген сенімін төмендетеді. Өйткені, әр адам әлемнің үйлесімді екендігіне және кез-келген адам өмірде өзінің жеке қасиеттері мен мінез-құлқына лайық нәрсені алатынына сенімді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, қоғамның барлық мүшелері де қатысуы қажет, бұл шенеунік те, кәсіпкер де қатысуы тиіс екі жақты үдеріс. 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив