Сурет байқауында елордалық балалардың сыбайлас жемқорлық туралы ойларын білді

Сурет байқауында елордалық балалардың сыбайлас жемқорлық туралы ойларын білді

Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім басқармасымен бірлесіп оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел» тақырыбында суреттер байқауын өткізді.

Бұл байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлықты қалай түсінетінін және сыбайлас жемқорлық фактілеріне теріс көзқарасқа бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыруды, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуды қарау.

Конкурсқа барлығы 50-ден астам жұмыс түсті. Байқауға қатысушылардың суреттері әртүрлі техникалар мен стильдерде орындалды. Әрбір жұмыс сыбайлас жемқорлық проблемасын өз деңгейінде көрген және сезінген қатысушылардың дүниетанымын ашып, оның қоғам мен адамға жағымсыз салдарын жеке-жеке жеткізуге тырысты.

Байқауға 12-15 жастағы балалар қатысты.

«Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына сүйене отырып және ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, үнемі жетілдіріліп отырады. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасындағы дәйекті және кешенді тәсіл баланы әртүрлі жас кезеңдерінде мектепке дейінгі білімнен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен сүйемелдеу қажеттігін көрсетеді», - деп атап өтті превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Монолбаев.

Іс-шара соңында барлық оқушылар тәттілерден жиналған букет, естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив