Петропавлда қаласында полицейлер алаяқтарға алданған зейнеткерге 5,5 млн. теңгесін қайтарып берді

Петропавлда қаласында полицейлер алаяқтарға алданған зейнеткерге 5,5 млн. теңгесін қайтарып берді

"Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасының себепкері болды, оның кесірінен жүкті әйел өлім мен өмірдің арасында тұр", — осындай сөздерді Петропавл қаласының 76 жастағы тұрғыны телефонға келіп түскен қоңыраудан естіді. Оған өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалды. Оның айтуынша, апаттан зардап шеккен әйелдің туыстары, егер оларға үлкен сомадағы ақша төленсе, өтініш жазбауға келісуде. Есеңгіреген зейнеткер келісіп, мекен-жайға келген курьерге өзінің барлық жинап-түйгенін -5,5 миллион теңге сомадағы ақшасын бере салды.

Қуанышқа орай, осыдан кейін оның қызы үйге келген және қандай оқиға орын алғанын біліп, дереу полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары курьерді іздеп үлгерді-полицейлердің айтуынша, ол Петропавлдағы алаяқтықтың тағы екі фактісіне қатысы болуы мүмкін. Бұл жолы ол "ыстық ізбен" ұсталды, ұрланған ақша тәркіленді.

"Аталған факт бойынша Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғыны анықталды, кәмелетке толмағандығына байланысты ол ата-анасының кепілгерлігімен босатылды, — деп хабарлайды СҚО ПД Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Ербол Тайбеков. - Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Адамдардың назарын мұндай алдау схемасы жақында кеңінен таралып жатқандығына көңіл аударамыз. Біз адамдардан қырағылық танытуды, зиянкестердің психологиялық қысымына көнбеуді сұраймыз. Осындай жағдайда әңгімені үзіп, алаяқтар сөз етіп отырған туыстарыңызға хабарласыңыздар, ЖКО фактісінің жоқтығына көз жеткізу үшін "102" арнасына дереу қоңырау шалу қажет".  

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/petropavl-politsejleri-alayaqtargha-aldanghan-zejnetkerge-5-5-mln-tenggesin-qajtaryp-berdi/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив