Полицейлер егде жастағы қала тұрғынына қолды болған телефонын қайтарып берді

Полицейлер егде жастағы қала тұрғынына қолды болған телефонын қайтарып берді

 

62 жастағы петропавлдық полицияға ұрланған телефонын қайтарып берген полицейлерге алғысын білдіру үшін қоңырау шалған.

Зейнеткер автокөлігін сатпақшы болып, хабарландыру орналастырғаннан кейін оған бір ер адам мен әйел келген. Ол қонақтарды қуана қарсы алып, үстелге отырғызған, кейін «Samsung A01» телефонының жоғалғанын анықтайды. Көлігіне қызыққан ер адамның қылмысқа қатысы болмай шықты. Ұрланған зат қасында болған, яғни облысымыздың бір ауданында тұратын 46 жастағы әйелден анықталды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша енгізілді.

«Ер адамды көрсеткен қонақжайлығынан алданып қалғаны қапаландырды, - деді Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Гүлмира Сағитова. – Телефонын қайтарған кезде, зейнеткер жедел-тергеу тобының құрамында болған қызметкерлердің аты-жөндерін сұраған еді».

Кейін ер адам аға жедел уәкілдер полиция майоры Асқар Омаровқа және полиция аға лейтенанты Жүсіп Қайырлыновқа, аға криминалист полиция капитаны Амантай Сатановқа, анықтаушы полиция лейтенанты Айнұр Жаманбаеваға алғысын білдірді. «Осы адамдар маған ұрланған затымды қайтарып берді, алғысым шексіз – деді қала тұрғыны телефон арқылы. – Полицейлердің кәсібилігін алғаш рет көріп тұрғаным жоқ. Өткен жылы алюминий флягім қолды болды. Мен бұндай ұсақ-түйекпен ешкім айналыспайды деп ойладым. Дәл сол күні флягімді қайтарып берді. Енді телефонымды қайтарды. Полицияда сенімді адамдар қызмет етеді, оларға алғысым шексіз!»

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив