Қайырымдылық көмек: салық төлене ме?

Қайырымдылық көмек: салық төлене ме?

Қайырымдылық көмек көрсететін компаниялар осы шығыстарын корпоративтік табыс салығын есептеу барысында ескере алатынын білесіз бе? Қазақстанда коммерциялық емес ұйымның өтеусіз негізде алған қайырымдылық көмегі мен грант та аталған салықтан босатылған.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаның алған қайырымдылық көмегі де жеке табыс салығынан босатылады. 

Қайырымдылық көмекті көрсету 

Салық кодексінің қолданыстағы нормаларына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу барысында салық төлеушілер салық салынатын кірісті азайтуға құқылы. 3 (мониторингтегі ірі салық төлеушілер) немесе 4 (қалған салық төлеушілер) пайыздан аспайтын жалпы соманың мөлшерінде:

- көмек алатын тұлға тарапынан түскен өтініш негізінде салық төлеушінің шешімі болған жағдайда қайырымдылық көмек бойынша шығыстарға салық салынатын кірісті;

- коммерциялық емес ұйым алушы болып табылатын өтеусіз берілген мүліктің құны түріндегі шығыстарға азайтуға құқылы (Салық кодексінің 288-бабы). 

Коммерциялық емес ұйымның қайырымдылық көмекті алуы 

Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде қайырымдылық көмек, грант, демеушілік көмек, өтеусіз негізде алынған ақша және басқа мүлік түріндегі коммерциялық емес ұйымның кірістері жылдық жиынтық табыстан алынып тасталады (Салық кодексінің 289-бабы). Сәйкесінше, аталған көмек корпоративті табыс салығынан босатылады. 

Жеке тұлғалардан мүлікті өтеусіз алу 

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде, оның ішінде сыйға алу немесе мұраға қалдыру түрінде алған мүлік алып тасталады.

Аталған жеңілдіктер мыналарға қатысты қолданылмайды:

дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған мүлікке;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңның (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) 33-бабында жазылған редакцияда Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағы 33) тармақшасы).

Сәйкесінше, басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде мүлік, сонымен қатар ақша алған жеке тұлғалар жеке табыс салығынан босатылады. Бірақ бұл мүлік кәсіпкерлік мақсатта қолданылмауы керек. 

Жеке тұлғалардың қайырымдылық көмекті алуы 

Сонымен қатар жеке табыс салығы салынатын кірістерінен  қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны алып тасталады (Енгізу туралы заңның 33-бабында жазылған редакцияда Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағы 34) тармақшасы). 

Салықтандырудағы қайырымдылық көмек дегеніміз не? 

Салық салу мақсаттары үшін қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде:

демеушілік көмек түрінде;

жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;

төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға;

коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау мақсатында;

әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға, осы ұйымның Салық кодексінің 290-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;

Салық кодексінің 290-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сай келетін, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға берілетін мүлік (Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 38) тармақшасы).

Өз кезегінде жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау – салық агентінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 647 еселенген мөлшері (647 АЕК) шегiнде мүлікті бiр жыл өтеусіз беруі. Аталған тармақшада көзделген тұлғалар санаттарының тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді («Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығына).

Сәйкесінше, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаның өтеусіз негізде берілетін мүлік түріндегі, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғаның жылына 647 АЕК шегіндегі көрсетілген әлеуметтік қолдау түріндегі алған қайырымдылық көмегі жеке табыс салығынан босатылады. 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив