Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңінде декларация тапсыратын азаматтарға пайдалы кеңестер

Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңінде декларация тапсыратын азаматтарға пайдалы кеңестер

Маңғыстау облысы бойынша келесі жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын азаматтарға хабардар етеді.

2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға:

- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;

- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс.

Міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбеген жағдайда да туындайтынын ескеру қажет.

Осыған байланысты, іс жүзінде кәсіпкерлік қызмет болмаған кезде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңіне тартуды болдырмау үшін жыл соңына дейін мынадай іс-әрекеттерді жасауға кеңес береміз.

  1. Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, бірақ қызмет жүргізбесеңіз, кәсіпкерлікті оңайлатылған тәртіппен жабу үшін тұрғылықты тұратын жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіне аласыз.
  2. Егер сіз заңды тұлғаның басшысы болмасаңыз, бірақ заңды тұлғаның тіркеу деректерін өзгертпесеңіз, egov.kz веб-порталында хабарлама беру арқылы деректерді түзете аласыз. Әрекетсіз заңды тұлғалар басшыларының тізімімен kgd.gov.kz сайтының «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде танысуға болады.
  3. Егер сіз заңды тұлғаның басшысы (құрылтайшысы) болсаңыз, кәсіпкерлік қызметті жүргізбесеңіз және жалғастыруды жоспарламасаңыз, кәсіпорынның тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуді ұсынамыз. Салық кодексінің 59-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болған кезде заңды тұлға оңайлатылған тәртіппен, қалған жағдайларда салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін таратылады.

Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы, оның ішінде олардың басшылары туралы ақпарат «электрондық сервистер» - «бизнеске көмек» - «сенімсіз салық төлеушілердің тізімі» - «әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімі» мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив