ОАЕКК мүшелері әлеуметтік әріптестерге еңбекті қорғау бойынша ұсынымдар жобасын мақұлдады

ОАЕКК мүшелері әлеуметтік әріптестерге еңбекті қорғау бойынша ұсынымдар жобасын мақұлдады

23-24 маусымда Астанада «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудағы және еңбек инспекциясының тиімді қызметін қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында Орталық Азия елдері кәсіподақтарының аймақтық конференциясы аясында ХЕҰ сарапшылары мен ОАЕКК кәсіподақ көшбасшылары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ортақ мәселелерді талқылады.

Екінші күннің бағдарламасын аша отырып, ХЕҰ/ACTRAV Еңбеккерлер қызметі жөніндегі аға маманы Гоча Александрия аймақтық конференция Халықаралық еңбек ұйымы мен Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің бірлескен іс-шарасы екенін атап өтті.

«Бұл конференция және бұған дейінгі іс-шаралар Кәсіподақтар кеңесі аясындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту фактісі болып табылады. ХЕҰ ОАЕКК кәсіподақтарына техникалық қолдау көрсете отырып, Орталық Азия елдеріндегі еңбек жүйесіндегі ең төменгі стандарттарды алға бастыруға көмектесуде. Бұл ретте халықаралық стандарттар өзгермейтін, әмбебап және ХЕҰ-ның барлық мүшелері орындауы үшін міндетті екенін еске сала кетейін. Жауапкершілік ХЕҰ конвенцияларын ратификациялаудан кейін келеді. Егер елдер мұндай міндеттемелерді мойнына алған болса, оларды орындау керек», - деп атап өтті Гоча Александрия.

ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы Бюросының еңбек мәселелерін реттеу, еңбек инспекциясы және еңбекті қорғау бойынша маманы Антониу Сантуш конференцияға қатысушылармен Орталық Азия аймағындағы қиындықтар мен еңбек инспекцияларының тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті ең төменгі талаптар туралы өз көзқарасымен бөлісті.

Ол Орталық Азия елдеріндегі еңбек инспекцияларының қызметіне талдау жасады.

Оның пікірінше, ХЕҰ-ның №81, №129, №133 еңбек инспекциясына қатысты негізгі конвенцияларын осы міндеттемелерді қабылдаған елдердің бірқатары орындамайды.

«Халықаралық стандарттар ең аз. Үкімет қабылданған нормаларды ешқашан төмендетпеуі керек. Олардың ұлғаюы құпталады. Еңбекті қорғау саласында жақсы заңнамалық база мен саясаттың болуы өте маңызды. Бұл заңнаманың жүзеге асуы маңыздырақ», - деп атап өтті халықаралық сарапшы.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Сәруар Кенжеболат кәсіподақтар мен ҚР мемлекеттік еңбек инспекциясы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды.

Ол мемлекеттік еңбек инспекциясы саласында орын алып отырған бірқатар мәселелерді атап өтті, олардың қатарында мемлекеттік еңбек инспекторлары санының халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, аймақтық мемлекеттік инспекторлардың жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне тәуелділігі, кадрлардың тұрақсыздығы жоғары.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік инспекторлардың саны 250-ге жуық адамды құрайды, ал жалдамалы еңбеккерлер саны - 6,8 млн. Осылайша, ел бойынша бір еңбек инспекторына шамамен 27,5 мың жұмыскер келеді және бұл көрсеткіш аймақтарға байланысты өзгеруі мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да, бұл ХЕҰ ұсынған пропорциядан шамамен үш есе көп», - деді Сәруар Кенжеболат.

Проблемалық мәселелердің қатарында мемлекеттік инспекторлардың тексерулер кезіндегі мүмкіндіктерінің шектелуін де айтты.

«Жоспарлы тексерулердің кезеңділігі мен мерзімдері шектелген, жоспардан тыс тексерулер тек арыз-шағымдар түскен кезде ғана жүргізіледі, іс жүзінде тәуекелді кәсіпорындарға кенеттен тексеру жүргізуге мүмкіндік жоқ және т.б. Жылдық тексерумен қамту 1,5% ғана құрайды. Дегенмен, әрине, тексерулер ғана мақсат емес. Бірақ, көп жағдайда олар еңбек заңнамасының бұзылуын болдырмауға және жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға көмектеседі», - деді спикер.

Сәруар Кенжеболат еңбек инспекциясының тиімділігін арттыру және өндірістік демократияны дамыту үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамаларын айтып өтті.

Еңбек инспекциясын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізудің жалпы тәртібінен алып тастау, мемлекеттік инспекторлардың саны және олардың өкілеттіктерін кеңейту арқылы мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тікелей бағыныстылығына беру ұсынылады.

Сонымен қатар, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға қосымша өкілеттіктер беру, «мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор» форматы бойынша бірлескен тексерулер жүргізу тәжірибесін енгізу қажеттігі айтылды.

«Орта және ірі бизнес кәсіпорындарында өндірістік кеңестер құру туралы міндетті заңнамалық норманы енгізу, сондай-ақ, өндірістік кеңестердің функционалдығын кеңейту қажет. Сонымен қатар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша пайдалану, жазатайым оқиғалардың туындауының ең аз алғышарттарын анықтау және барлық жұмыстарды тәуекелге негізделген тәсіл негізінде жүргізу қажет», - дейді Сәруар Кенжеболат.

Кәсіподақтардың мемлекеттік инспекциямен өзара іс-қимылы туралы елдік таныстырылымын Қырғызстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Рысгүл Бабаева жалғастырды.

Оның айтуынша, Қырғызстанда экономикалық белсенді халықтың 2,5 миллион адамға шаққанда 28 мемлекеттік еңбек инспекторы ғана жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап Үкімет кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий енгізді.

«Еңбек заңнамасы іс жүзінде сақталмайтын бейресми секторда жұмыс істейтін халықтың 70 пайызы еңбек етеді, жасырын жазатайым оқиғалар көп. Мораторий бизнесті қолдау мақсатында енгізілді, бірақ еңбекті қорғауға қатысты тексерулер жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қатысты болғандықтан шектелмеуі керек», - деп атап өтті Рысгүл Бабаева.

Сонымен бірге, спикер атап өткендей, қырғыз кәсіподақтарының негізгі міндеттері «Кәсіподақтар туралы» заңға өзгерістер енгізу, мемлекеттік еңбек инспекциясын нығайтуға жәрдемдесу және әлеуметтік-еңбек саласындағы халықаралық стандарттарды одан әрі алға бастыру болып табылады.

Тәжікстан мемлекеттік мекемелерінің кәсіподақ ұйымының еңбекті қорғау бөлімінің жетекшісі, бас еңбек инспекторы Дилшод Кахоров кәсіподақтық еңбек инспекциясының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«Ешбір жұмыс беруші кәсіподақтық еңбек инспекторын республикалық комитеттің келісімінсіз жұмыстан босата алмайды. Кәсіподақтық еңбек инспекциясы мен еңбек саласындағы мемлекеттік қадағалау органдары арасында тиісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Соңғы уақытта салада бірде-бір жазатайым оқиға тіркелген жоқ», - деді Дилшод Кахоров.

Сондай-ақ, Түркіменстан кәсіподақтарының ұлттық орталығының тексеру комиссиясының төрағасы Алламырат Сахетмырадов өз елінің ұлттық кәсіподақ орталығының тәжірибесі туралы баяндама жасады.

«Түркіменстанның еңбек заңнамасының сақталуын бақылау үшін кәсіподақтар мен олардың бірлестіктері кәсіподақтардың техникалық және құқықтық еңбек инспекцияларын құрады, оларға Түркіменстан кәсіподақтарының ұлттық орталығы бекіткен ережелермен өкілеттік беріледі», - деді түркімен кәсіподақтарының өкілі.

Қоғамдық бақылауды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын ӨКФ аппаратының бас техникалық еңбек инспекторы Одил Мирзаев өз сөзінде атап өтіп, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының еңбек инспекциясының тәжірибесімен таныстырды.

«Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы жанынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасайтын бөлім құрылып, бүгінгі таңда кәсіподақтардың 95 еңбек инспекторының жұмысы жолға қойылған. Соңғы 3 жылда қоғамдық бақылаулармен 8937 ұйым қамтылды, 14 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталды, 113,2 млрд. сома өндірілді», - деді ӨКФ өкілі.

Орталық Азия аймағында №155 және №187 конвенцияларды ратификациялауды одан әрі алға бастыруды талқылай отырып, ACTRAV/ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Сергеюс Гловацкас Қазақстан осы уақытқа дейін еңбекті қорғау жөніндегі барлық 10 негізгі конвенцияны ратификациялаған жалғыз ел екенін атап өтті. Ол бұл жұмысты Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан жалғастыруы керектігін баса айтты.

 «Соңғы бірнеше жылда Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасын сайлаумен басталған демократиялық өзгерістердің арқасында халықаралық стандарттарды енгізу бойынша нақты қадамдар жасалды», - деп атап өтті Сергеюс Гловацкас.

Оның айтуынша, ХЕҰ алдағы 2 жылға жоспарлары ОАЕКК-мен бірлескен іс-шараларды қамтиды.

Конвенцияларды ратификациялау тақырыбын жалғастыра отырып, ХЕҰ/ACTRAV Еңбеккерлер қызметі жөніндегі аға маманы Гоча Александрия Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі елдерін ХЕҰ-ның № 102 «Әлеуметтік қорғаудың ең төменгі стандарттары туралы» және №121 «Жұмыс орнына келтірілген зиянды өтеу туралы» конвенцияларын ратификациялауды алға бастыру бойынша жұмысты бастауға және өзектендіруге шақырды.

Конференцияның Ұсынымдарының жобасын талқылау барысында қатысушылар қосымша тармақтар енгізуді ұсынды.

Атап айтқанда, «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» және «Қазкөміркәсіподағы»  салалық кәсіподақтарының төрағалары Асылбек Нұралин мен Марат Миргаязов металлургтер мен кеншілердің зейнеткерлік жасын қысқарту шараларын енгізуді ұсынды.

Осы ретте, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Әлімжан Бекмағамбетов 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбектің жаңа тұжырымдамасының жобасында әлеуметтік әріптестердің ұсыныстары қамтылғанын атап өтті.

«Біз ғылыми негізделген жобаны дайындадық және әріптестер тарапынан кәсіпорындарда бірлескен пилоттық тестілеуге қолдау көрсетуін қалаймыз», - деді ол.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Тұжырымдама жобасын әзірлеуге кәсіподақтардың тікелей атсалысқанын баса айтты.

«Бұл Тұжырымдаманың идеясы – еңбекті қорғауды басқарудың компенсаторлық моделінен тәуекелге негізделген моделіне көшудің уақыты келді. Кәсіподақтар мұны жылдар бойы айтып келеді. Кәсіподақтар үшін бұрынғы көзқарастардан концептуалды түрде алшақтау өте маңызды болды. Біздің ұсынысымызды әлеуметтік әріптес қолдады», - деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Конференцияға қатысушылар еңбекті қорғау бойынша Ұсынымдар жобасын жалпы мақұлдады және құжаттың соңғы нұсқасын 1 шілдеге дейін келісуге келісті, ол Орталық Азия елдерінің үкімет деңгейінде әлеуметтік әріптестерге жіберіледі.

Конференция жұмысын қорытындылай келе, оны ұйымдастырушылар форумға қатысушылардың жемісті және нәтижелі жұмысын атап өтті.

ОАЕКК Бас хатшысы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Кеңестің қызметін қолдағаны үшін Халықаралық еңбек ұйымына, сондай-ақ, ОАЕКК мүшелері мен әлеуметтік әріптестерге тығыз өзара іс-қимыл үшін алғыс білдірді.

«Әр жолы біз баршасы үшін өзекті мәселелерді тереңірек қарастырамыз, әлеуметтік және еңбек саласындағы баршаға ортақ мәселелерді шешу үшін нақты мәнді қадамдарды әзірлейміз. Ұйымымыз өсіп келеді. Ал бүгінгі пікірталас мәселелерді баяндау ғана емес, оны шешу жолдарын әзірлеу болып табылады. ХЕҰ-мен ынтымақтастығымыздың арқасында Орталық Азиядағы кәсіподақтардың үні естілетініне сенімдімін. Біз әрқашан бір-бірімізді қолдауға дайынбыз. Бұл әрқайсымызға ұлттық деңгейдегі мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп түйіндеді ОАЕКК басшысы. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив