Академияға журналисттер келді

Академияға журналисттер келді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды.

Іс-шараның қонақтары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ және ЖОО қызметкерлері болды.

Кездесуді аша отырып, ЖОО ректоры Марат Сексембаев қоғам өміріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өтіп, журналистерге Академия қызметінің ынтымақтастығы мен объективті жарияланғаны үшін алғысын білдірді.

«Сіздердің әрқайсыңыз жауапты және құрметті миссияны орындап жүрсіздер. Қызметтің парызы бойынша әрқашан оқиғалардың ошағында болып, елдегі маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жариялаудасыздар. Біз сіздердің қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін қызмет ететін еңбектеріңіз бен кәсібиліктеріңізді жоғары бағалаймыз", - деп атап өтті.

Оқу орнымен таныстыру аясында қонақтарға қызмет бағыттары, кәсіптік даярлық және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ерекшеліктері туралы айтылды, сондай-ақ Академия бойынша экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында оқу полигондарының, ғылыми және сот кабинеттерінің жұмысы, тыңдаушылардың білім алатын және тұратын жерлері көрсетілді. 

Құқық қорғау органдары академиясының

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Rolando 10 апреля 2024 19:36

    Greetings! Quick question that's totally off topic. Do you know
    how to make your site mobile friendly? My website looks weird when browsing from my iphone.
    I'm trying to find a template or plugin that might be able to
    correct this issue. If you have any suggestions, please share.
    Many thanks!

    Here is my blog post ... Dick

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив