"Көңілді бастаулар" есірткіге қарсы

Солтүстік Қазақстан полицейлері спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларына арналған "Көңілді бастаулар" эстафетасын ұйымдастырды. Орта буынның 60-қа жуық оқушысы спорттық ойындарға қатысып, күш, ептілік, жылдамдық пен командалық рухты, ең бастысы — есірткіге орын жоқ өмірдің қуанышын көрсетті. Эстафета қорытындысы бойынша бірінші орында "Қызылдар" командасы, екінші және үшінші орынды "Динозаврлар" мен "Барыс" иеленді. Барлық командаларға спорттық жүлделер, ал жеңімпаздарға СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс — қимыл басқармасы бастығының грамоталары берілді. 

"Есірткісіз болашаққа" ұранымен іс-шара полицейлер 26 маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне дайындалуға арнаған айлықтың қарсаңында өтті.

"Есірткінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жедел жұмыстан басқа, полиция қызметінде нашақорлықтың алдын алу маңызды орын алады", — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс — қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. - Салауатты өмір салты идеяларын енгізу арқылы ғана есірткі сатушылардың жолын орауға болады. Айлық аясында өскелең ұрпақ үшін көптеген іс-шаралар өткізіледі, сондықтан жас солтүстікқазақстандықтарды әлі де көптеген қызықты, эмоционалды жарқын оқиғалар күтіп тұр".

5 ай ішінде СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 600 кг-нан астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіледі 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-politsejleri-kongildi-bastaular-estafetasyn-ujymdastyrdy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив