ЕЛОРДА ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АСТАНА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ДАЙЫНДАУҒА КІРІСТІ

ЕЛОРДА ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АСТАНА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ДАЙЫНДАУҒА КІРІСТІ

Алдағы оқу жылын ескере отырып, білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау мақсатында Астана қаласы Полиция департаментінің аумағында Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Дәурен Қазбековтың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен  қоғамның пікірталас алаңы құрылды. Кездесуге жергілікті атқарушы органның өкілдері, оның ішінде Білім басқармасы басшысының орынбасары Еламанов Нариман, Астана қаласы бойынша ТЖД Басқарма бастығы Отарғалымұлы Еркін, сондай-ақ күзет ұйымдары қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен лицензияның бірінші кіші түрі бар жеке күзет ұйымдарының басшылары қатысты. Отырыс барысында жалпы білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті тақырыптар талқыланып, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары қозғалды. Терроризмге қарсы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, сондай – ақ мүдделі қызмет арасындағы жедел байланысты қамтамасыз ету - осы шаралардың барлығы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қатысуымен орын алатын түрлі оқиғалардың алдын алуы үшін қажет.

 "Біз әрбір кәмелетке толмаған балаға оның өміріне және денсаулығына дағдарыстық жағдай туындаған кезде қауіпсіз жүріс - тұрыс ережелерін ортақ күшпен жеткізуіміз керек", - деп бөлісті Дәурен Қазбеков. Департаменттің жедел басқару орталығына 6 200 – ден астам бейнекамера шығарылды, оның ішінде 119 мектепте – 3 600 – ден астам, 13 колледжде - 350-ге жуық және 96 балабақшада - 2 300-ге жуық, сондай-ақ 215 дабыл түймелері орнатылды.

 "Күн сайын полиция қызметкерлері қандай да бір құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін білім беру объектілерінде орнатылған бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізеді. Бұл жұмыс елордалық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Айта кететін жайт, білім беру объектілеріміз, оның ішінде жеке мекемелер де алдағы оқу жылына балаларды барынша сенімді деңгейде дайындықпен қабылдай алатындығына тәртіп сақшылары қазірден алаңдауда".

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив