Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ресейлік әріптесі Дмитрий Патрушевпен кездесуінде Қазақстан мен Ресейдің агроөнеркәсіптік кешендегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Кездесу қазақстандық делегацияның Мәскеуге сапары аясында өтті.

Айта кетейік, екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымының серпіні үдемелі өсуді көрсетіп отыр және өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,6 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 24%-ға жоғары.

Ербол Қарашөкеев елдердің арасындағы сауданы ұлғайту, оның құрылымын жақсарту, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, қазір Қазақстан Ресейге тұз, макарон және кондитерлік өнімдер мен күрішті экспорттап жатыр. Ал көрші елден негізінен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, сусындар, шоколад және май сатып алады.

Сонымен қатар, бүгінде мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша өзара шектеулер бөлігінде бірқатар мәселелер бар.

Мәселен, АШМ мен Россельхознадзордың Ресейге тұқым материалын әкелуге уақытша шектеулер енгізу туралы кейбір шешімдері отандық бизнесте алаңдаушылық туғызып отыр. Ербол Қарашөкеев бұл жұмыста ЕАЭО шеңберіндегі өзара жеткізілімдер жөніндегі уағдаластықтарды ескеру және әріптестік қағидаттарын ұстану қажеттігін атап өтті. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан аграрлық ғылымды дамыту және жеке ауыл шаруашылығы бизнесі үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, кездесу аясында министрлер АӨК-ті цифрландыру, мемлекеттік қолдау шаралары және саланы кредиттеу бойынша тәжірибе алмасу мәселесін талқылады.  

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы, атап айтқанда агроинновация, аграрлық ғылым, ветеринария, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бағыттары бойынша ынтымақтастық жөніндегі жеке ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив