Қазақстандықтардың жартысынан көбі желіде қаржы алаяқтығына тап болған

Қазақстандықтардың жартысынан көбі желіде қаржы алаяқтығына тап болған

«Касперский Зертханасының»* зерттеуіне сәйкес, қазақстандық интернет қолданушылардың 60%-ы онлайн-алаяқтыққа тап болған, соның нәтижесінде қаскөйлер ақша, не банк картасы туралы мәліметтерді, не интернет-банкке кіру деректерін алып қоюға тырысқан. Әрбір бесінші респондент өзінің жақындары да осындай қауіпке ұшырағанын хабарлаған. 

Алаяқтық хабарламалар, оның ішінде қаржылық деректерді ұрлауға бағытталған хабарламалар хабарландыру сайттарында (респонденттердің 19%-ы), әлеуметтік желілерде (14%), поштада (11%) кездескен. Әрбір бесінші адамға телефон алаяқтарынан қоңырау шалынған. 

Ал қаскөйлер қолданатын аңыздарға келетін болсақ, респонденттердің 22%-ы банктік шотты немесе картаны бұзу мүмкіндігі туралы жалған хабарламалар алған, 20%-ы құпиясөзді, банк картасының нөмірін немесе оның басқа деректерін растау туралы өтініш алып, 15%-ы картаны бұғаттау туралы хабарламалар келгенін айтқан, ал 13%-ы несие немесе салым ұсынысы бойынша әрекеттерге ұшыраған. 

«Қаскөйлер көбінесе қаржы операцияларына немесе қолма-қол ақша алуға қатысты тақырыптарды пайдаланады. Сауалнамаға қатысушылар ұтыс немесе жеңіл табыс туралы, толық емес жұмыс уақыты туралы — сағат саны, сыйақы мөлшері туралы хабарламалар алған. Егер осындай жарнамалардағы сілтемеге өтсеңіз, қолданушылардан көбінесе белгілі бір соманы салуды сұрайды, ал салған жағдайда қаражат қаскөйлерге аударылады. Осылайша, хабарламалардың немесе телефон қоңырауларының мазмұнына қарамастан, қаскөйлердің мақсаты әрқашан біреу —ақшаны немесе жеке деректерді алып қою», дейді «Касперский Зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов. 

* Сауалнаманы OnIn агенттігі «Касперский Зертханасының» тапсырысы бойынша 2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы қаңтар айларында жүргізді. Оған Қазақстаннан 1000-нан астам респондент қатысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив