«Отбасылық қоңырау». ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы күнделікті отбасылық өмірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша полицияның жұмысын тексерді

«Отбасылық қоңырау». ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы күнделікті отбасылық өмірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша полицияның жұмысын тексерді

        Елордалық полицияға «102» арнасынан келіп түскен жанұялық қарым-қатынастар туралы шағымдар бойынша полиция қызметкерлерінің түнгі кезекшілігіне Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров қатысты.

        ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары полиция жасақтары мен кезекші жедел топтарының түнгі таралымында, ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін жеткізді.

        Заңнамаға енгізілген өзгерістерде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жәбірленушілердің шағымынсыз қозғауға мүмкіндік береді. Енді сотта бір рет қана татуласуға болады. Ал қайталанған жағдайда, татуласу мүмкін емес.

        Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің баптарында «дейінгі» деген шектеулер алынып тасталды. Қамауға алу 10, 15, 20 тәулік болып қалса, ал қайталап құқық бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімі 25 тәулікке дейін ұзартылды.

        Қылмыстық кодекстің кейбір баптарына қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу түріндегі санкцияны қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті 6 жылдан 10 жылға дейін арттыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді, деп атап өтті Ренат Зулхаиров.

        Еске салайық, ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер 19 мамырда күшіне енсе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

        Түнгі кезекшілікте полицейлер басшылықпен бірге тұрмыстық келеңсіздіктер мен отбасылық жанжалдар туралы түскен хабарламалармен 7 отбасына барды. Оның екі бірдей жағдайында ұрып-соғу туралы арыз түскен

        Қызметкерлер құқық бұзушылықтарды тоқтатып, күш қолдану фактілері бойынша жиналған материалдарға сараптамалар тағайындап, оның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылдады.

        Айта кету керек, елордалық полицияға жыл сайын отбасылық жанжалға байланысты 17 мыңнан астам қоңырау түседі.

        Ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырғанымен, мұндай фактілер азаймай отыр. Көбінесе зорлық-зомбылық құрбандары «ол туралы айтқанды қаламайды», өйткені олар қаржылық немесе психологиялық тұрғыдан агрессорға тәуелді.

Ағымдағы жылдың 4 айында елордада отбасылық жанжалдарға қатысты 3 мыңнан астам қорғау нұсқамасы шығарылып, 1541 әкімшілік іс сотқа жолданды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив