Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Бөкей ордасы аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы зорлық-зомбылыққа қарсы кездесу өткізіліп, жұмыс топ мүшелерінің есебі тыңдалды.

Шараға аудандық соттың төрағасы О.Миралиев, Сайқын ауылдық округінің әкімі Н.Умарова, аудандық прокуратураның прокуроры А.Хамзин, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Д.Сертеков, жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция майоры С.Халилова, аудандық пробация қызметінің инспекторы И.Шарафутдинов қатысты.

Сот төрағасы О.Миралиев өз сөзінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқа тұлғаға дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеттер болып табылатынына тоқталып, осы санаттағы әкімшілік істерді қарау кезінде қолданылатын заңнамаға түсіндірме берді. ӘҚБК талабы бойынша және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңы аясында ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша шаралар қабылдап, арыздарды және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша деректерді келтіріп, қажетті жағдайда, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілейтінін алға тартты.

Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Д.Сертековтің, Сайқын ауылдық округінің әкімі Н.Умарованың, аудандық прокуратураның прокуроры А.Хамзиннің, аудандық пробация қызметінің инспекторы И.Шарафутдиновтың есептері тыңдалды.

Аудан бойынша бүгінгі таңда 38 мас күнем тіркелген. 2021 жылдың 6 айында 32 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, биылғы жылы мас күнем 1 адам және 2020 жылы мас күнем 2 адамды маскүнемдіктен емдету үшін  Орал қаласындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне жолданылған.

Шара соңында кездесуге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша қабылданған шаралардың арқасында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың санын төмендетуге қол жеткізуге болатынына баса назар аударды. 

Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Зияш Зайнуллина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив