Жамбыл облысында өткен инвестфорум: Қатысушыларға өңірдің АӨК озық кәсіпорындары таныстырылды

Жамбыл облысында өткен инвестфорум: Қатысушыларға өңірдің АӨК озық кәсіпорындары таныстырылды

Осы күндері Жамбыл облысында «Zhambyl Investment and Economic Forum – 2023» инвестициялық форумы өтіп жатыр, іс-шара өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуалды дамытуға ықпал етуге тиіс.  Форумның күн тәртібі 4 негізгі бағытқа бөлінген, олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және цифрландыру. Өңірге АШМ делегациясын Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек бастап барды.

Айта кетейік, Жамбыл облысы үшін АӨК экономиканың негізгі саласы болып табылады, өңірде шетелдік компаниялардың қатысуымен көптеген жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Форумның қатысушылары бірқатар ауылшаруашылық кәсіпорындарды аралады. Солардың бірі - Қордай ауданындағы «GreenwiII» компаниясының жылыжай кешені. Жылыжай Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жұмыс істейді және жыл сайын гектарына 800 тоннаға дейін қызанақ пен қияр өндіреді.

Сондай-ақ форум делегациясы «Михан Орда» ЖШС компаниясына барды, ол өзінің агроқұрылымында айналмалы жаңбырлатып суару технологиясын енгізіп жатыр. Қазір технология енгізілген алқапқа 792 гектарға қант қызылшасы мен жоңышқа егілген.

Бұған қоса, делегаттар «Жемісжидек» құлпынай өндіру жобасы және Меркі ауданындағы «Тау қымыз» қымыз шығару цехында болды.

Кәсіпорындардың бірінің алаңында Қытай, Оңтүстік Корея, Түркиядан келген ірі компаниялардың өкілдерінің, отандық фермерлер мен ғалымдардың қатысуымен ауыл шаруашылығы бойынша семинар өтті.

Жамбыл облысындағы халықаралық инвестициялық форум ертең құрама жем зауытының ашылу салтанатымен жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив