Петропавлдағы өнер колледжінде студенттер мен полицейлер есірткіге қарсы концерт ұйымдастырды

Петропавлдағы өнер колледжінде студенттер мен полицейлер есірткіге қарсы концерт ұйымдастырды

Өмірде қиындыққа тап болып, есірткімен мәселені шешпек болған жастар өмірлеріне балта шабады. Бұдан соң қалыпты өмірге оралу қиынға түседі. Бұны мамандар Петропавлдағы Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттеріне түсіндірді.

Колледждің мәжіліс залының сахнасында полицейлердің, ұстаздар мен оқушылардың күшімен ұйымдастырылған есірткіге қарсы концерт өтті. Шығармашылық дарынды жігіттер мен қыздар жолдастарына ән, музыка және би нөмірлерін ұсынды. Сондай-ақ жастар алдында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері, спортшылар сөз сөйледі. Полицейлер атап өткендей, бұндағы мақсат – есірткіден аулақ болып, жарқын, салауатты өмірді таңдау. Іс-шара қонақтарының бірі, каратэден Әлем чемпионатының жүлдегері Сәния Жақанның айтуынша, салауатты өмір салты дегеніміз – тек кәсіби спорт қана емес, өзінің денсаулығы мен өміріне бейжай қарамайтын адамның күнделікті әдеті. Бұдан бөлек, көрермендерге психотроптық заттардың зияны туралы бейнероликтер көрсетілді.

«Нашақорлықтың алдын алуда жастармен әр түрлі сипаттағы жұмыстар жүргізіледі», — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – 17-21 сәуір аралығында өткізілген «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында концерттен басқа, әкімдікпен бірлесіп белсенді еріктілердің қатысуымен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды, Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп – «тәуекел тобындағы» жасөспірімдерге арналған «дөңгелек үстел» өткзілді. Осы 5 күнде жедел жұмыс та күшейтілді. 11 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 2-уі есірткі заттарын өткізу фактілері». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив