Жылжымайтын мүлік желісі бойынша жүргізілетін жұмыстар мерзімі қысқартылды

Жылжымайтын мүлік желісі бойынша жүргізілетін жұмыстар мерзімі қысқартылды

        «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпарат жүйесіне көшуіне байланысты жүргізілетін жұмыстарды барынша жылдамдату мақсатында жаңа техникалық шешімдерді қарастырғанын хабарлайды.
         Осыған дейін 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында жүргізілетін жұмыстардың салдарынан бұл қызметті көрсету уақытша тоқтатылатыны туралы хабарланған болатын. Енді бұл мерзім өзгертілді.
         «Азаматтарға қолайлы болуы үшін өтінімдерді қабылдау тек 5-9 мамыр аралығында ғана тоқтатылады. 5-мамыр жұмыс күніне, ал қалған күндер мереке күнідеріне келіп түседі. Осылайша, «Жылжымайтын мүлік тізілімі» дерекқорынан ЖМБМК-ға көшу жұмыстары халыққа қолайсыздық туғызбай жүргізіледі», - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
         Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрлері көрсетілмейді. Одан бөлек, eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Барлық басқа мемлекеттік қызметтер қол жетімді болады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив