ШҚО-да кәсіпкерге тауарларды жеткізгені үшін төлемді негізсіз кешіктірген

ШҚО-да кәсіпкерге тауарларды жеткізгені үшін төлемді негізсіз кешіктірген

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкер «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты шағыммен жүгінді. Шағымда кәсіпкер жеткізіп берген тауарлары үшін төлемді аталған коммуналдық мекеме 2022 жылдың тамыз айынан бері негізсіз себептермен төлемей жүргендігін көрсеткен.

Тауарды жеткізуші кәсіпкер шарт бойынша барлық міндеттемелерді толық орындаған, бұл екі тарап қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталады.

Осы уақытқа дейін кәсіпкер бұл мәселені реттеу үшін қажетті шараларды қабылдағанымен, шарттық міндеттемелер бойынша төлем жүргізілмеген.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін аталған мәселе бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесі кәсіпкер алдындағы қарызды толық төледі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив