Кәсіпкерлер Еңбекақы төлеу қорынан алғашқы бірыңғай төлемдерді аудара бастады

Кәсіпкерлер Еңбекақы төлеу қорынан алғашқы бірыңғай төлемдерді аудара бастады

2023 жылдан бастап Қазақстанда микро және шағын бизнеске арналған Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем жасау жүйесі енгізілді. Оған қызметкердің жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдар кіреді.

Қазақстанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ шотына микро және шағын бизнес субъектілерінен еңбекақы төлеу қорынан алғашқы бірыңғай төлемдер түсе бастады. Бұл төлемдер сәтті өңделіп, тиісті қорларға (БЖЗҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ) және ұйымның тіркелген жеріне сәйкес Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілді.

Анықтама үшін: Кәсіпкерлер ұжымдағы қызметкерлерге жалақы төлеу мақсатында еңбекақы төлеу қорынан белгілі бір мөлшерде қаражат алады. Оған еңбекақы төлеу қоры, әлеуметтік және өзге де төлемдер кіреді.

Осы ретте бірыңғай төлем тетігі бұған дейін қолданыста болған 34% мөлшеріндегі еңбекақы төлеу қорына жиынтық жүктемені азайту мақсатында енгізілгенін атап өткен орынды. Оның мөлшерлемесі биылғы қаңтардан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мен әлеуметтік аударымдар мөлшерлемелерінің өсімін ескере отырып, 2028 жылға қарай 26,3%-ға дейін ұлғайтылып, 20% деңгейінде белгіленіп отыр.

Айта кетейік, жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 1,5%-дан 2028 жылдың қаңтарына дейін 5%-ға кезең-кезеңмен арттыруы қажет. Сондай-ақ 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына бірыңғай төлемді аударатындарға арналған әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі 3,2%-дан бастап 4,5%-ға дейін ұлғаймақ. Аталған өзгерістерге байланысты бірыңғай төлем мөлшерлемесі жыл сайын өсіп отырады.

Микро және шағын бизнес кәсіпкерлері бірыңғай төлемді есепті айдың 25-ші күнінен кешіктірмей төлеу керек екенін ескерген жөн. Тиісті төлемді екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» КЕАҚ шотына аударуға болатынын айта кету керек.  

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив