Петропавл қаласы полиция басқармасының әйел- криминалисты- өз мамандығының ерекшеліктері туралы айтып берді

Петропавл қаласы полиция басқармасының әйел- криминалисты- өз мамандығының ерекшеліктері туралы айтып берді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Петропавл қаласы полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің аға криминалисті Арай Жұмади өз кәсібі туралы айтып берді.

Тәуліктік кезекшілік, оқиға орнына шығу, зертханалық зерттеулер – мұның бәрі полицияның криминалист-сарапшыларының жұмысының бір бөлігі болып табылады. Оларды "погондағы ғалымдар" деп атайды, өйткені әрқайсысы әртүрлі бағыттар бойынша тәжірибелі маман болып табылады: саусақ іздері, баллистика, одорология, тіпті қолжазба. Қызметкерлердің жалпы міндеті-қылмыстарды ашу мен тергеуді толық және уақтылы техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету және сүйемелдеу. Мықты жүйке жүйесі, эрудиция, төзімділік – бұл барлық қажетті қасиеттер. Сот сарапшыларының көпшілігі ер адамдар, бірақ әйелдер де бар. Солардың бірі-полиция майоры Арай Жұмади.  

Заңгер және қаржыгер (финансист) Арай Жұмади 2008 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етеді. Криминалист лауазымында қызмет етіп келе жатқанынан-жетінші жыл. Оның желісі-саусақ іздерін жинау және талдау, дактилоскопиялық карталармен жұмыс істеу және т.б. Арай тәуліктік кезекшілікке қатысады; жедел-тергеу тобының құрамында қылмыс орындарына барады, заманауи техниканы қолдана отырып зерттеулер жүргізеді. Әріптестер Арайдың кәсіби және жеке қасиеттері туралы оң пікір айтады. Оның өзі жұмысын өте жақсы көретінін жасырған емес.

Темір тәртіпті, күмықты жүйке жүйесін, күш пен төзімділікті қажет ететін қызметке қарамастан - майор Жұмади – өзін отбасына арнап, сүйікті ана мен әйел болып қала береді. Күйеуімен бірге Арай Ибраһим мен Әли атты екі ұл тәрбиелеп отыр. Аға криминалист демалыс күндерін туыстары мен достарының ортасында өткізгенді ұнатады: аптасына 3-4 рет спортпен айналысады. Сондай-ақ, полиция қызметкері бос уақытында өзін-өзі дамытуға уақыт бөледі: тілдерді үйренеді. Қазақ және орыс тілдерін білумен қатар, қазіргі таңда түрік, ағылшын және француз тілдерінде де сөйлей алады.

"Арай криминалистикалық қызметке 2016 жылы келді, белгілі тәжірибесі бар. Ол оқиға болған жерді тексерудің әдістері мен ережелерін толық игерді; алған білімінің арқасында жұмыста жақсы көрсеткіштерге ие. Оқиға орнында Арай қылмыстың іздерін шебер табады, ең бастысы – оларды сапалы түрде алып, зертханалық жағдайда зерттейді. Сондай-ақ, Арай "Папилон" автоматтандырылған ақпараттық - іздестіру жүйесінің және жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру жүйесінің операторы болып табылады",-дейді СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қанат Оспанов.

Арай Жұмадидің айтуынша, полицияда криминалист қызметінде табысқа жету үшін - сіз өз жұмысыңызды шын жүректен жақсы көруіңіз керек. Тәртіпті адам болуыңыз қажет. Әрине, спортпен шұғылдану және әр түрлі салаларда білім деңгейін үнемі арттыруды ұмытпаған жөн.  

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/ru/zhenshhina-kriminalist-iz-petropavlovska-rasskazala-ob-osobennostyah-svoej-professii/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив