Жұмыстағы киберқауіптер: компания қызметкерлерінің 40% - дан астамы кем дегенде бір рет жеке деректерін әріптестерімен бөлісті

Жұмыстағы киберқауіптер: компания қызметкерлерінің 40% - дан астамы кем дегенде бір рет жеке деректерін әріптестерімен бөлісті

«Kaspersky»* сауалнамасына сәйкес, қызметкерлердің 41% - ы өздерінің корпоративтік тіркелгі деректерін әріптестеріне берген болатын. Бұл ретте, респонденттердің 37% - ы осыдан кейін құпия сөздерін өзгерткен жоқ. Сондай-ақ, зерттеу аясында қатысушылардың 17% - ы алдыңғы жұмыс орнындағы құжаттарға немесе шоттарға қол жеткізе алғаны анықталды.

Компаниялардағы ақпараттық қауіпсіздік ережелеріне келетін болсақ, сауалнамаға қатысқандардың 62% - ы жұмысқа қабылдау кезінде тиісті құжаттарға қол қойды, 22% - ы ешқандай құжатқа қол қоймады, ал 15% - ы мұны істегені есінде жоқ.

Бұл ретте компаниялардың жартысына жуығы (49%) қызметкерлерді киберқауіпсіздік дағдыларына үйретпейді. Кез-келген қызметтік тапсырмаларды орындамас бұрын компаниялардың тек 22% -да ғана тренингтер, семинарлар немесе брифингтер тұрақты өткізіледі. Ал 29%-ы оларды сирек өткізеді.

«Киберқауіпсіздік процесінде адами фактор маңызды рөл атқарады. Компаниялардағы оқиғалардың басым бөлігі қызметкерлердің дұрыс емес - көбінесе бейсаналық әрекеттеріне байланысты болады. Сондықтан киберқорғаныстың жетілген стратегиясы әрқашан егжей-тегжейлі қауіпсіздік саясатын және команданың барлық мүшелері үшін кибергигиена негіздерін үйретуді қамтуы керек. Практикалық тренингтер де пайдалы ― олар қызметкерлерге кез келген киберқауіптерге дайын болу және оларды уақытында тану үшін тәжірибеде білімдерін шыңдауға және ақыл ― ойды дамытуға көмектеседі», - деп түсіндірді «Kaspersky»-дің Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов. 

* Зерттеу барысында әртүрлі салалардағы компаниялардың (250 қызметкерге дейін) респонденттеріне сауалнама жүргізілді: өндіріс және ауыр өнеркәсіп, қаржылық қызметтер, мемлекеттік ұйымдар, денсаулық сақтау, қонақжайлылық, IT және телеком, көтерме және бөлшек сауда, энергетика, көлік және логистика. Сауалнамаға барлығы 600 респондент қатысты.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив