Қауіпсіздік Академиясы: TikTok пен ЮНИСЕФ кибербуллингке қарсы #ПозитивСыйла жобасын іске қосты

Қауіпсіздік Академиясы: TikTok пен ЮНИСЕФ кибербуллингке қарсы #ПозитивСыйла жобасын іске қосты

  • Қысқа видеороликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп және ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен былтыр іске қосылған және Қазақстанда қолданушылардың цифрлық сауатын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік академиясы» ауқымды науқанын жалғастырады. Науқанның екінші кезеңі онлайн-кеңістіктегі буллинг проблемасына арналған.
  • Жоба аясында ЮНИСЕФ пен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сарапшылары атақты адамдар – Санжар Мәди, Шәріп Серік, Нұрлан Батыров, Ғайни Кель және Митя Байназаровпен – онлайн-қудалау тақырыбына байланысты маңызды мәселелерді талқылайтын тікелей эфирлер сериясын өткізеді: бұл қандай құбылыс, ол неге пайда болады және оны қалай танимыз, кибербуллингтен қорғаудың қандай әдістері бар. Сонымен қатар, TikTok-тағы танымал контент авторлары интернеттегі қорлаудан қалай қорғануға болатыны туралы жеке оқиғаларын, білімі мен кеңестерін бөлісетін танымдық видеолар әзірледі.

Буллинг пен онлайн-қудалау – бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе жасөспірімдер арасында буллингке ұшырау қаупі жоғары: балалардың үштен бірі қорлауға ұшырайды[1]. Дүние жүзінде 13 пен 15 жас аралығындағы әрбір үшінші оқушы мектепте қудалауға тап болады[2]. Қазақстанда жас қолданушылардың кибербуллингке бейімділігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының зерттеуіне сәйкес, кейінгі 4 жылда бір пайызға өскен.

#ПозитивСыйла (#ДариПозитив) интернеттегі мейірімді және сау атмосфераны қалыптастыруға, сондай-ақ барлық жастағы TikTok қолданушыларын психологиялық қысымнан, дөрекі пікірлерден және басқа да онлайн қудалау көріністерінен қорғауға үйретуге арналған.

27 ақпаннан бастап платформада психология, құқық және балалар қауіпсіздігі саласындағы жетекші сарапшылармен кибербуллинг тақырыбында тікелей эфирлер өтеді, ал модераторлар мәдениет және кино саласындағы танымал қайраткерлер, олардың арасында актерлер Санжар Мәди мен Шәріп Серік, инфлюенсер Нұрлан Батыров, музыкалық орындаушы Ғайни Кель, сонымен қатар, шоумен әрі TikTok-та танымдық видеолар авторы Митя Байназаров болады. 

  • 27 ақпанда сағат 18:00-де - Светлана Богатырева, «Just Support» қорының атқарушы директоры, психология магистрі және отбасылық психолог қолданушылардың өзін және жақындарын осы проблемадан қалай қорғай алатынын айтып береді;
  • 28 ақпанда сағат 12:00-де - Владимир Алексанин, ЮНИСЕФ-тің «Be Kind» еріктілер бағдарламасының жаттықтырушысы, психолог және арт-терапевт жалпы кибербуллинг мәселесі туралы әңгімелеп, оны қалай тануға болатыны туралы кеңестерін бөліседі;
  • 1 наурызда сағат 12:00-де - Зарина Жұмағұлова, балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушы, «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі жасөспірімдер ортасында онлайн-буллингке қатысты мәселелерді талқылайды;
  • 2 наурызда сағат 12:00-де - Халида Әжіғұлова, заң ғылымдарының докторы, қудалау мен кибербуллингтен қорғау бойынша жаттықтырушы, балалар құқығын қорғау жөніндегі құқыққорғаушы жасөспірімдермен кеңестерін бөліседі және желіде қорқытудың алдын алуға көмектесетін практикалық құралдар туралы әңгімелейді.
  • 6 наурызда сағат 14:00-де – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ психолог-педагогтері Аида Есіргепова мен Жанна Арынбаева жасөспірімдер арасындағы мектептердегі кибербуллинг және осы бағытта жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы әңгімелейді.

Жобаға арнап атақты адамдар мен танымал TikTok креаторлары қолданушыларға қорлау мен қажетсіз қарым-қатынастан қорғауға көмектесетін платформа құралдары туралы видеолар түсірді. Жобаға қатысатын инфлюенсерлер арасында: ЮНИСЕФ ізгі ниет елшісі Жинара Сәдуақасова, сұхбат алушы Тимур Балымбетов @timur_balymbetov, сән және сұлулық саласындағы контент авторлары Мәди @madi_bekdair, Аида @aida_neko, Малика @malikaaboutstyle, спортшылар Уәлихан Тен @drugoi.ty, Баламырза Әлиев @aliev_53, Фараби Дәулетшин @farakicks және Анастасия Непша @nastya___nepsha.

TikTok қолданушыларға теріс және онлайн қорлаудан қорғаудың бірқатар тиімді құралын ұсынады:

  • Жеке аккаунт сіздің контентті тек өзіңізге жазылған адамдарға көруге мүмкіндік береді. 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларда аккаунттар әдепкі қалпы бойынша жеке болады, ал 16 жастан асқан қолданушылар TikTok құпиялылық параметрлерінде жеке статусын оңай орната алады.
  • Жеке хабарлама жіберушілерді бақылау сізбен кім жеке сөйлесе алатынын анықтауға мүмкіндік береді: барлық қолданушы, дос (сіз өзара жазылған қолданушылар) - немесе сіз бұл мүмкіндікті мүлдем өшіріп қоя аласыз. Жеке хабарламаларды 16 жастан асқан тіркелген қолданушылар ғана қабылдай алады. 16 жастан асқан кәмелетке толмаған қолданушыларға бұл мүмкіндікті ата-аналары «Отбасылық баптаулар» арқылы реттей алады.
  • Видеоларыңызға пікір жаза алатындардың тізімін шектеу бұл параметрді «достарға» ғана мүмкіндік беретіндей қысқартуға немесе бұл мүмкіндікті мүлдем өшіруге мүмкіндік береді. 16 жасқа толмаған қолданушы аккаунттарында әдепкі қалпы бойынша пікір жазу мүмкіндігі тек достар тізіміндегілерге қолжетімді, ал 16 жастан асқан қолданушылар бұл параметрді «барлық қолданушыға» дейін кеңейте алады.
  • Пікір жазу сүзгісі қорлайтын пікірлерді автоматты түрде анықтауға және жасыруға көмектеседі. TikTok-та кілт сөздердің жеке тізімін жасауға болады, осылайша осы сөздерді қамтитын пікірлер әдепкі қалпы бойынша жасырылады.
  • «Дуэт» және «Жалғау» функцияларын басқару тетігі сізбен бірге пайдалана алатындардың тізімін шектеуге мүмкіндік береді. Сіз барлық видеоға бір параметрді немесе әр видаоға бөлек параметрлерді таңдай аласыз. 16 жасқа дейінгі қолданушыларда бұл функциялар әдепкі қалпы бойынша өзінен басқа ешкімге қолжетімді емес, ал 16 жастан асқан кәмелетке толмағандарға олар алдын ала «достар» мәніне орнатылған.
  • Кез келген уақытта жазылушыны өшіруге, контентті көру немесе хабарламалар жіберу үшін олардың аккаунтын біржола бұғаттауға, сондай-ақ сіздің ойыңызша TikTok қауымдастық ережелерін бұзатын қолданушының үстінен шағым жіберуге болады – бұл платформаны қауіпсіз етуге көмектеседі. 

TikTok туралы

TikTok — қысқа видоларды жасауға арналған жетекші бағдарлама. Біздің миссиямыз — адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау. 

ЮНИСЕФ туралы

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өз серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумақтарында өз міндеттемелерін іске асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте балалардың игілігі үшін, әлемнің түкпір-түкпірінде ең аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына ерекше назар аударады.

ЮНИСЕФ қызметі туралы мәліметтер www.unicef.org сайтында.

Біздің Instagram, Facebook және Twitter парақшаларымызға жазылыңыз.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив