Астанада Mitsubishi Motors жаңа дилерлік орталығы ашылды

Астанада Mitsubishi Motors жаңа дилерлік орталығы ашылды

Астана, 13 ақпан 2023 ж. Қазақстандық авторитейлдер көшбасшыларының бірі – Orbis Auto автокөліктер тобы Астана қаласында Mitsubishi Motors дилерлік орталығының ашылуы туралы хабарлады. 

Астанадағы Orbis Auto дилерлік орталығы брендтің жаңа жаһандық стандарттарына сәйкес салынған. Дилерлік орталықтың сыртқы келбеті мен ішкі көрінісі танымал брендтік түстерге ие – қызыл элементтері бар басым қара және ақ. 

Клиенттердің қызметтеріне автомобильдерді сатудың, қызмет көрсетудің және жөндеудің заманауи аймақтары ғана емес, сонымен қатар барлық қажетті қызметтер мен ыңғайлылықтары бар жайлы демалыс аймақтары, онда сіз өз көлігіңізге техникалық қызмет көрсетудің аяқталуын, құжаттарды рәсімдеуді, қосалқы бөлшектерді беру мен басқа да қызметтерді ала аласыз. 

Автокөлік орталығының жалпы ауданы 1750 шаршы метрді құрайды, соның ішінде 6 авто сыятын – 400 шаршы метр шоурум алаңы бар. 1000 шаршы метр алаңда 7 тұраққа және көлік жууға арналған 2 боксқа есептелген сервис цехы орналасқан, қойма орындары 350 шаршы метрді құрайды. 

Жаңа сервис орталығының барлық құрал-жабдықтары және қызметкерлер жапондық өндіруші ұсынған автокөлікке қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сай мұқият даярлықтан өткен және сертификатталған. Жаңа дилерлік орталықта электронды диагностика, қозғалтқыш пен жүріс бөлігінің диагностикасын қоса алғанда, шанақ жұмыстарын, май және техникалық сұйықтықтарды ауыстыру, түрлі қосымша құралдарды  орнату, сонымен қатар барлық түйіндердің және агрегаттардың қажетті ағымдағы және күрделі жөндеуі секілді бірқатар  техникалық қызмет көрсету түрлері ұсынылған. Өндірушіден түпнұсқа бөлшектер мен толықтырушылардың тікелей жеткізуі қарастырылған. 

«Елорда тұрғындарына біздің жаңа дилерлік орталығымызда сіз автокөлікті сатып қана алмай, автокөлігіңізге брендтің жаһандық стандарттары деңгейінде қызмет ала алатындарын хабарлауға қуаныштымыз. Дилерлік орталықты қайта құруға салған біздің инвестицияларымыздың жалпы көлемі шамамен 100 миллион теңгені құрады. Компания тұтынушыға Mitsubishi нормаларына қатаң сәйкес келетін оңтайлы сату және қызмет көрсету жағдайларын жасау үшін комақты салым салды. Автокөлік орталығының барлық бөлімшелерінде қызмет көрсетудің сапасы біз үшін бірінші орында тұратынын атап өткіміз келеді. Сату, сервис және маркетинг бөліміндегі біздің мамандарымыз өз ісінде үздік болу үшін үнемі оқытылады және біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, сондықтан біздің клиентеріміздің сұраныстары әрқашан толық мөлшерде қанағаттандырылатынына сенімдімін», – деп, Orbis Auto автокөлік тобының өңірлік директоры Роман Никишин атап өтті

«ММС Қаз» ЖШС-нің (Mitsubishi Motors Қазақстан) президенті Осаму Иваба елордалық өңір нарығының айтарлықтай әлеуетін көрсетіп, жапондық өндіруші алдыңғы қатарлы қазақстандық авторитейлмен одан әрі серіктес болуға үміті бар екендігін атап өтті. 

«Біз Қазақстандағы Orbis автокөлік тобымен серіктестігімізді жалғастыруға қуаныштымыз  және біздің автокөліктеріміз ел тұрғындарына ұнағанын ескере отырып,  келешекте сатылымның артатынына үміттіміз, – деді Иваба мырза. – Сонымен қатар, қазақстандық тұтынушыға өніміне ең алдыңғы қатарлы инновациялық шешімдер мен технологиялар түйістірілген Mitsubishi Motors брендіне жоғары баға бергені және сенім білдіргені үшін ерекше алғысымызды білдіргім келеді. Жаңа автокөлік орталығында елорда тұрғындары барлық күтілетіннәтижеден асып кететін ең үздік сервис пен үздік ұсыныстар алатынына сенімдімін». 

Жаңа дилерлік орталық өкілдері атап өткендей, дәл қазір сатылымда сұраныстағы модельдік қатардағы автокөліктер, атап айтқанда, Outlander, Pajero Sport, ASX, L200, Eclipse Cross секілді танымал модельдер бар. Кез-келген қызықтыратын модельге талап етілетін жиынтықты, түсті, күш қондырғысының қуаттылығын, қосымша жарықтандыру нұсқаларын есепке ала отырып, алдын-ала тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Orbis Auto-ның өзге де дилерлік орталықтарындағыдай елордалық автоорталықта Eclipse Cross, ASX және L200 модельдерін алдын-ала төлемсіз ерте броньдау бағдарламасы қолжетімді. Қызмет көрсетуге несиелік және қаржылық қызметтер, соның ішінде лизинг, алдыңғы қатарлы банктерден автонесиелендіру трейд-ин қызметтерінің толық тізімі ұсынылған. Менеджерлер ниет білдірушілерге сол жерде барлық қаржы өнімдері, несиелендіру және сақтандыру бойынша консультация жүргізеді. 

2023 жылы жаңа елордалық дилерлік орталық жапондық Mitsubishi-дің кем дегенде 300 жаңа көлігін іске асыруды жоспарлап отыр. 

Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз:

 +7 701 006 3888.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив