Алматы облысында жаңа ХҚО ашылды

Алматы облысында жаңа ХҚО ашылды

      Осыдан екі жыл бұрын қайта құрылған Райымбек ауданында тұрғындар мемлекеттік қызметтерді шағын сектордан алуға мәжбүр болған еді. Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Алматы облысының әкімдігі халыққа қолайлы жағдай жасау үшін аудан орталығы Нарынқолда толыққанды ХҚО ашты.

       Бұған дейін Райымбек ауданындағы мемлекеттік қызмет көрсету секторының мамандары 395 шаршы метрді құрайтын жалдамалы нысанда жұмыс істеген еді. Енді олар қажетті деңгейде жабдықталған, аумағы 1087 шаршы метр зәулім ғимаратта қызмет көрсететін болады. «Бұл жерде қызмет алушылар үшін барлық жағдай жасалып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар мен шақырту түймелері қарастырылған. Халықтың игілігі үшін осындай су жаңа ғимарат салуға мұрындық болған Алматы облысының әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы облыстық филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

     Ашылу салтанатына қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, 40 мыңнан астам халқы бар аудан үшін заманға сай жасақталған Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу қажеттілігі бұрыннан туындаған. «2018 жылы облысымыздағы бір аудан Райымбек және Кеген аудандары болып екіге бөлінді. Нәтижесінде аудан орталығы мәртебесіне ие болған Нарынқол жаңа серпінмен дамып, гүлденіп келеді. Соның бір көрінісі – халық игілігіне арналған осындай жаңа орталықтың ашылуы», - деді ол.

     Жаңа техника және жиһаздармен жабдықталған орталықтың операциялық залында 12 маман қызмет етеді, ал дайын құжаттарды беру секторында 10 жұмыс орны бар. Зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеңілдік терезесі де ұйымдастырылған.                                                                                                     Сондай-ақ зәулім ғимаратта мемлекеттік корпорацияның фронт-офис мамандары ғана емес, жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамасы мен жер кадастрын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептейтін бэк-офис бөлімдері де орналастырылған. Орталық ауласында қызмет алушыларға арналған автотұрақ та бар.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Helaine 15 февраля 2024 14:31

    Have you ever considered about including
    a little bit more than just your articles? I
    mean, what you say is valuable and everything.
    Nevertheless imagine if you added some great images or videos to give your
    posts more, "pop"! Your content is excellent but with images and
    video clips, this blog could certainly be one of the
    most beneficial in its field. Terrific blog!

    Also visit my web site staircase chandelier ideas

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив