Электрондық үкімет порталы жұмысының уақытша жұмыс істемеу себептері

Электрондық үкімет порталы жұмысының уақытша жұмыс істемеу себептері

Кеше, 2023 жылы 6 ақпанда Индустриялық даму қоры autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автокөлік несиесін іске қосты. Пайдаланушылардың көптеп келуіне байланысты «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ сүйемелдейтін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзімен қорғалатын жекелеген сервистерге көптеген өтініштер жасалды.

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі «Электрондық үкіметтің» тізбегін және басқа мемлекеттік жүйелерді қорғау үшін жоғары және қалыптан тыс жүктемерлер болған жағдайда «сақтандырғыш» ретінде қызмет атқарады.

Сұраныстар санының көп болуы Электрондық үкімет интернет-трафигін бұғаттады, сол себепті «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін ресурстар қолжетімсіз болды.

Порталды әзірлеу және іске қосуды Индустриялық даму қоры келісімсіз, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ инфрақұрылымдық және техникалық қолдауынсыз дербес жүзеге асырғанын атап өткен жөн.

Пайдаланушылардың өтінімдеріне қол қою үшін портал жұмысында пайдаланылатын электрондық үкімет сервистері штаттық режимде жұмыс істеді және порталдың жұмысына әсер етпеді.

«ҰАТ» АҚ басшылығы уақытша қолайсыздықтар үшін электрондық үкімет порталының пайдаланушыларынан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, электрондық үкімет АК инфрақұрылымының операторы бола отырып, келесі ретте жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды іске қосу кезінде осындай жағдайды болдырмау мақсатында мүдделі тараптарға көмек көрсетуге дайын екендігін білдіреді.

Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

«ҰАТ» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

www.nitec.kz 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив