Прокуратура органдарына іріктеу тәртібі туралы

Прокуратура органдарына іріктеу тәртібі туралы

 

2020 жылдан бастап құқық қорғау қызметіне кадрларды іріктеу және даярлау тәртібі өзгерді.

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту құқық қорғау қызметіне тұрудың жаңашылдығы болып табылады. Бұл прокуратура органдарына алғаш рет қызметке орналасатын адамдарға қатысты. Үміткерлер кәсіптік даярлықты Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өтеді (бұдан әрі –Академия).

Кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі мен оны өту шарттары үш органның бірлескен бұйрығымен бекітілген: бұл Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Экономикалық тергеу қызметі.

Бұйрықпен іріктеу критерийлері біріздендірілді:

- жоғары білімнің бар болуы;

- моральдық-психологиялық, медициналық талаптарға сәйкестілігі;

- беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің жоқтығы.

Кәсіптік даярлауға іріктеу 6 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Хабарландыруды прокуратура органдарының интернет-ресурстарында жариялау. Хабарландыруда үміткерге қойылатын негізгі талаптар, қызмет өткеруге байланысты шектеулер, құжаттарды қабылдау мерзімі және тағы басқа ақпарат көрсетіледі.

Екінші кезең. Құжаттарды қабылдау - облыстық прокуратуралар, астана және Республикалық маңызы бар қалалар прокуратуралары, Бас көлік прокуратурасы жүргізеді.

Құжаттарды тапсырғанға дейін үміткер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өтуі керек.

Үшінші кезең. Үміткерлермен әңгімелесу. Үміткерлермен әңгімелесу облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда жүргізіледі.

Алдын ала ішкі қауіпсіздікпен үміткерге қатысты зерделеуді өткізіледі, оның нәтижелері әңгімелесуде ескеріледі.

Әңгімелесуден сәтті өткен үміткерлер әскери-дәрігерлік комиссия  және полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберіледі.

Қорытынды кезең Академиядағы емтихан болып табылады.

Емтихан 3 сұраққа ауызша жауап түрінде қабылданады. Бұл ретте Комиссия мүшелері қосымша сұрақтар қою мүмкін. 

 Кәсіптік даярлыққа қабылдау туралы түпкілікті шешімді ведомствоаралық қабылдау комиссиясы қабылдайды, ол сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуді ескереді.

Оқуға түскеннен кейін үміткер мен Академия арасында келісімшарт жасалады.

Келісімшартта тараптардың өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленіп, одан әрі қызмет өткеру шарттары мен мерзімдері және т.б. көзделеді.

Кәсіптік даярлықтан өтудің барлық мерзіміне үміткерлер ай сайынғы шәкіртақымен, сондай-ақ Академияда оқу кезеңінде тегін тамақпен және тұрумен қамтамасыз етілетін болады.

Жатақханада тұру міндетті.

Кәсіптік даярлық тікелей 3 кезеңнен тұрады:

- Академияда оқу;

- тағылымдамадан өту;

- қорытынды емтихан.

Прокуратура органдарына үміткерлер үшін кәсіптік даярлық мерзімі бір жылды құрайды (6 ай оқу және 6 ай тағылымдама).

Оқу кезеңінде үміткер «арнайы пәндерді» тереңдетіп оқиды. Бұл бакалавриат бағдарламасында қарастырылмаған пәндер.

Мысалы, қылмыстарды тергеу тәртібі, прокурорлық тексерулер жүргізу, ресми құжаттар жасау, ақпараттық жүйелерді пайдалану және т.б.

Тағылымдама аудандық прокуратураларда өткізіледі. Тағылымдамадан кейін Академияда үміткер тестілеу мен ахуалдық міндеттерді шешуді қамтитын қорытынды емтихан тапсырады.

Үміткерге оқуды сәтті аяқтау міндетті жұмысқа орналасуға кепілдігі болып табылады.

Белгілі бір аймаққа лауазымға тағайындау туралы шешім қорытынды бағалар негізінде қабылданады, яғни кімнің рейтингі жоғары болса, олар қалауы бойынша аймақты таңдайды.

Тағайындау бірінші сыныптық шенді бір мезгілде бере отырып, сынақ мерзімсіз жүзеге асырылады. Кәсіптік даярлық кезеңі құқық қорғау қызметінің еңбек өтіліне есептеледі.

Бүгінгі таңда 358 тыңдаушы аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларға тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ағымдағы жылдың 23 ақпанына дейін кезекті іріктеу, құжаттарды қабылдау жүргізілуде.

Прокуратура органдарында жұмысқа орналасуға ниеттілерді іріктеуге қатысуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Кадрларды дамыту департаментінің

Басқарма бастығы аға әділет кеңесшісі

Сакен Төлеуов

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив