Астана қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы

Астана қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 1446785,8 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,7%-ға артық. Астана қаласының республикалық көлемдегі үлесі 9,6%-ды құрады.

Инвестициялардың басым үлесі жекеменшік нысандағы кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 66%-ын құрайды.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты 71,1%-ды, мемлекеттік бюджет каражаты 19,9%-ды, басқа қарыз қаражаттары 7,5%-ды, банк кредиттері 1,5%-ды құрайды.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар

                                                                                                                                                                                                                                         млн. теңге

 

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан

млн. теңге

жиынына пайызбен

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар

1 446 785,8

100,0

оның ішінде:

 

 

-республикалық бюджет

201 877,2

14,0

-жергілікті бюджет

85 828,0

5,9

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты

1 028 457,4

71,1

Банк кредиттері

22 351,8

1,5

оның ішінде шетел банктерінің

-

-

Басқа қарыз қаражаттары

108 271,4

7,5

оның ішінде резидент еместердің қарыз қаражаты                                                                                                                                       

51 644,0

3,6

Әдіснамалық түсініктемелер:

Негізгі капиталға салынған инвестициялар - жаңа құрылысқа, кеңейтуге, сонымен қоса объектінің бастапқы құнының көбеюіне әкелетін объектілерді қайта құру мен жаңарту, машина,құрал-жабдықтарды,көлік құралдарын сатып алуға, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға және т.б. бағытталған инвестордың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді алу мақсатында қаражаттарды салуы.

Құрылыс-монтаж жұмыстары және күрделі жөндеу - ғимараттар мен имараттарды көтеру, кеңейту, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстар кешенін қосатын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі, энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары, сонымен қатар тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу шығындары.

Машиналар мен жабдықтарға инвестиция салу - машиналарды, көлік құралдарын, жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарды қосатын инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

Өзге де жұмыстар мен шығындар - жобалау-іздестіру жұмыстарына шығындарды, авторлық қадағалауды, салынып жатқан объектілердің дирекцияларын ұстауды, құрылыс аумағын дайындау және игерумен байланысты және басқа құрылыс сметасына кіретін және кірмейтін шығындарды көрсететін инвестициялардың технологиялық құрылымының элементі.

Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив