Учаскелік полиция инспекторы Жамбыл облысындағы тас жолда қарлы боранда  қалған үш азаматты құтқарды

Учаскелік полиция инспекторы Жамбыл облысындағы тас жолда қарлы боранда қалған үш азаматты құтқарды

Талас ауданындағы жергілікті маңызы бар тас жолда аймақтың үш тұрғыны, оның ішінде кәмелетке толмаған бала қарлы боранда қалып қойды. 

Түнде аумақты аралау барысында Талас ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Нұрсұлтан Қанатбекұлы жол жиегінде қалың қар құрсауында қалған көлікті  байқайды.

Полиция қызметкері кептеліп қалған көлікке жетіп, жүргізушіге қардан тазартуға көмектеседі. Содан кейін Нұрсұлтан олардың бәрін өз үйіне апарды. Ары қарай қызмет жасауға кеткен полиция капитаны боранда адасып кеткен шопанды да табады. 

Қыстың қарлы күнінен зардап шеккендердің барлығы полиция инспекторының үйінде қонақ болған, оларға арнайы ыстық тамақ пен жатын орын қамтамасыз етілді. Құтқарылған азаматтар полиция қызметкеріне шын жүректен алғыстарын білдірді. 

Қазіргі уақытта ауа-райының қолайсыздығына және айналаның  көрінуінің нашарлануына байланысты "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолдарда 160-тан 239 шақырымға дейін, сондай-ақ "Тараз-Шымкент" учаскесінде 534-тен 593 шақырымға дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив