Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілері ұсталды

Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілері ұсталды

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізіп, қала аумағында жол ережесін өрескел бұзған бірнеше көлік жүргізушісін  ұстады. Құқық бұзушылар жол қозғалысы ережелерін бұзып, өздерінің заңсыз әрекеттерін бейнажазбаға түсіру кезінде тоқтатылды. 

«Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігімен жол ережесін бұзғаны үшін (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) жауапкершілікке тартылды. 

«Lada 21154» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. 

Тағы бір «Lada 21154» маркалы автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды. 

Автокөлік иелеріне барлығы 76 мың 575 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив