Қазақстанды тез жасылдандыру жолы — микролонды тәсіл қолдану

Қазақстанды тез жасылдандыру жолы — микролонды тәсіл қолдану

«Азамат – бизнес – мемлекет»  арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз.» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы халыққа үміт пен сенім берді. Шағын бизнес өкілдері әсері бір сергіп қалды. Президент елді жетілдіру үшін нақты кадрлық шешімдер қабылдауға дайын екенін де жеткізді.

Бүгінде ауылшаруашылық мәселесі өзекті тақырыптардың бірі. Бұл Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша алдыңғы орындағы мәселелердің біріне айналды. Ғалымдар ойлана келе, өсімдіктерді клондай бастады. Өсімдіктерді микроклонды тәсіл арқылы көбейту технологиясы – өсімдік өсірудің түбегейлі жаңа әдісі.

«Бұл стерильді жағдайда жыныссыз көбейту, онда генетикалық жеке формалар пайда болады, бұл отырғызу материалының біртектілігіне ықпал етеді. Осы технологияны қолдана отырып, көбейтілуі күрделі не құнды өсімдіктерді сақтап қалумен қатар, тез көбейтуге болады және бір өсімдіктен бір мыңға дейін клон алуға болады», - дейді «Жасыл Технологиялар» ЖШС директоры Сергей Санаров.

Тұңғыш рет клондауды қолданған француз ғалымы Жан Морель болған. Сонау 20 ғасырдың 50 жылдарында. Қазір бұл технологиямен өнеркәсіптік және жеке шаруашылықтар сау, жоғары сапалы өсімдіктерді алуда қолданады. Көптеген елдерде банан, цитрус, ананас, сонымен қатар қант қамысы, картоп сияқты дақылдар осылай өндіріледі. Сәндік өсімдіктердің ішінен микроклондық әдістермен антуриум, гербералар, орхидеялар, раушан гүлдерінің әртүрлі түрлері көбейтіледі.

Микроклондық тәсілдің тағы бір ерекшелігі өсімдіктер түрлі аурылардан тазартылған, элиталық сорт болып өседі. Өсімдіктердің қиын және жоғары құнды түрлерін тез көбейту мүмкіндігі, жыл бойы жұмыс істеу және алынған отырғызу материалының жоғары сапасы осы технологияны қолдануды бірінші орынға қояды. Микроклонды көбеюдің тиімділігі жоғары болуы үшін процестің барлық кезеңдерінде өсімдіктердің жұмыс істеуі мен өсуі үшін оңтайлы жағдайларды сақтау қажет. Бұған зертхананың белгілі бір жабдықталуы және қызметкерлерді даярлау арқылы қол жеткізіледі.

«Микроклонды көбейту жұмыстары кезінде стерильді жағдайлар маңызды. Түрлі инфекциялардың енуіне жол бермеу керек. Микроклонды көбею үшін өсімдіктердің жылдық, екі жылдық өсінділері қолданылады. Өсімдіктерді ашық жерге отырғызбас бұрын, олар арнайы қоректік ортасы бар стерильді түтіктерге орналастырылады. Осындай жағдайларда өсірілген өсімдіктер, бір-екі жылдан кейін өспей қалуы мүмкін  шетелден импортталып отырғызылатын материалға қарағанда Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген болып келеді.», - дейді «Жасыл Технологиялар» ЖШС директоры Сергей Санаров.

Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстанның қатал климаттық жағдайларына бейімделген өсімдіктердің сирек түрлерін өсіруге мүмкіндік беретін өсімдіктерді микроклонды көбейту зертханасы бар. Жобаны Республикалық Ғылым қоры жанындағы «Жасыл Технологиялар» ЖШС жүзеге асырады. Сергей Санаровпен бірге тағы екі маман in vitro стерильді жағдайларында микроклоналды көбею зертханасында түрлі тұқымдардың және өсімдіктердің сирек түрлерінің вируссыз отырғызу материалдары жедел өсіреді.

Айта кетейік, зертханада жоғары сапалы сауықтырылған отырғызу материалын өндіру үшін клондық топтама құрылған. Онда стерильді жағдайда клондау арқылы батыс туя, алтай сибиркасы, қарапайым арша, спирея, форзиция, жасмин, өрік, шие, жүзім, таңқурай, алмұрт, қара бүлдірген, қара өрік, қарақат (қызыл, ақ, қара)спирея көбейтіледі.

Қазақстанның кең даласын жайқалған жасыл желекке толтырып, жерді құнарландыруда бұл тәсілдің болашағы мол болмақ.

Оксана Аубакирова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив