Пробация есебіндегі жастармен семинар ұйымдастырылды

Пробация есебіндегі жастармен семинар ұйымдастырылды

Сырдария  аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Мирас" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жұмыссыз және пробация есебінде тұратын жастармен семинар өтті.
Семинарға Сырдария пробация қызметінің инспекторы, Сырдария аудандық ауруханасының психологы және Жастар денсаулық орталығының психологы қатысып, жастарға түсіндірме жасады.

Семинардың басты мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу болып табылады.

Семинар барысында психолог мамандар  сотталғандармен психологиялық тренинг өткізді. Жиын соңында сотталғандар сала мамандарына сұрақтарын қойып,тұщымды жауаптарын алды.

«Жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу мақсатында өткізілген кездесуге пробация есебіндегі 14 -29 жасқа дейінгі 12    сотталған қатысты. Аудандық жастар ресустық орталығымен меморандум бар. Алдағы уақытта осы меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әр-түрлі көмек түрлерін көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыратын боламыз», - деді аудандық пробация қызметінің инспекторы  әділет майоры Н.Дүйсенбаев.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив