Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: көпжақты ынтымақтастық және  ізгі  ниет

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: көпжақты ынтымақтастық және ізгі ниет

Тақырыбы  бүгін  Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Passionare» ғылыми-сараптамалық клубының кезекті отырысында кеңінен талқыланды.

ЕҰУ-нің зерттеу университетіне айналуы аясында ашылған жаңа алаң әлемдегі және еліміздегі заманауи  процестерді ғылыми тұрғыдан  зерттеу мен түсіндіруге өз үлесін қосуға ұмтылған ғалымдар мен жас зерттеушілерді, олардың шетелдік серіктестерін, сарапшыларды біріктіреді.

PhD докторы Әсел Назарбетова «Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыруы үшін сыртқы конъюнктураның қолайлы және тұрақты болуы маңызды. Сондықтан біздің еліміз ұлттық мүдделерге негізделген сындарлы сыртқы саясатқа үлкен мән береді. Қазақстанның сыртқы саясаты барлық стратегиялық серіктестермен мемлекетаралық қатынастарда тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған», - деп атап өтті.

 «Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға, қуатты, бейбітсүйгіш, әлеуметтік тұрғыда әділетті және "халық үніне құлақ асатын мемлекет" ретінде қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған», -  деді ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының Талдау және болжау тобының жетекшісі Әмір Башбаев.

Йылдырым Беязит атындағы Анкара университетінің профессоры Сейіт али Авджу өз сөзінде, «ғалым ретінде мен халықаралық қатынастардағы әділеттілік, ішкі істерге араласпау, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын нығайту аса маңызды деп санаймын», - деді.

Конфуций Институтының директоры Ян Лейдің пікірінше, Қазақстанның прагматизм қағидаттарына және көпжақты ынтымақтастыққа негізделген қазіргі сыртқы саясаты Қазақстан-Қытай достығын барлық салаларда тереңдетуге ықпал етеді. Бұған дәлел – ЕҰУ мен Сиань шет тілдер университеті арасындағы ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі, Қазақстандағы Конфуций институтының, ҚХР университеттеріндегі қазақ тілін оқыту орталықтарының қызметі және басқа да көптеген бірлескен білім беру және ғылыми жобалар болып табылады.

Дж.Неру атындағы университет профессоры Пунит Гаур «Мен Қазақстанның байырғы досы ретінде бүгінде болып жатқан үлкен өзгерістердің куәсі болып отырмын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, экономикалық және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, заң мен адам құқықтарының үстемдігі, - осының бәрі Қазақстанның шетелдік әріптестері мен достарынан қолдау тауып отыр, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге негіз болуда, - деген пікірін білдірді.

«Қазақстандағы түрлі этностар мен конфессиялардың өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі, диалог пен жасампаздықтың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық даму басымдықтары аясында тұрақты негізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуде. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бірегей форумы және басқа да бастамалар жалғасын тапты. Өзінің прагматикалық және белсенді сыртқы саясатының арқасында, әлемдегі жағдайдың жан-жақты шиеленісуіне қарамастан, Қазақстан бүгінде бітімгершілікке негізделген және әлемдік қауымдастықтың құрметі мен сеніміне ие ел болып саналады», -деді ЕҰУ-нің шығыстану кафедрасының профессоры Самал Төлеубаева.

ЕҰУ Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров сыртқы саясаттың мызғымас басымдықтары Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық мүддені әлемдік аренада ілгерілету және көпжақты ынтымақтастық болып табылатынын атап өтті.

2021 жылы жарық көрген ЕҰУ профессоры М. Сыдықназаровтың «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы Еуропалық және америка карталарындағы қазақ мемлекеті»атты кітабының арқасында XVI-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің бұрындары белгісіз болған 130 көне еуропалық және америкалық карталары, жаңа жазба тарихи дереккөздер және іргелі және қолданбалы зерттеулерге, Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігін зерттеуге арналған жаңа ғылыми деректер жиынтығы ғылыми айналымға енгізілгенін атап өту керек. Кітап Брюссельде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

«Passionare» ғылыми-сараптамалық клубының отырысы мемлекеттік тілде өтті, спикерлер ағылшын, қытай, түрік және тағы басқа тілдерде сөз сөйледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив