Сұлулық салонына келуші бөтеннің телефонын ұрлап кетті

Сұлулық салонына келуші бөтеннің телефонын ұрлап кетті

«Байқоңыр» аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұялы телефон ұрлады деген күдікпен жас жігітті ұстады.

       Сұлулық салонына 26 жастағы жігіт шашын қысқартуға келгені анықталды. Салонға  кіргенде ол әкімшінің жұмыс орнында «Redmi» маркалы ұялы телефонды байқайды. Күдікті жұмысшылардың барлығының назары басқа жақта болғанын көріп, білдіртпей үстелге жақындап, 150 мың теңге тұратын ұялы телефонды алып кеткен.

        Ұсталған адам кінәсін мойындады. Заттай айғақ тәркіленді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

       Астана қаласының Полиция департаменті елорда аумағында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.

       Сондай-ақ, «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тұрғын үй алабына 4 мыңға жуық аралау жұмыстары жүргізілді, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 159 есептік тұлға тексерілді.

        Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 1 175 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 фактісі халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін .

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив