8 күшейтілген ХҚО шетелдіктерді қабылдай бастады

8 күшейтілген ХҚО шетелдіктерді қабылдай бастады

Шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы оларды Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарындағы арнайы күшейтілген ХҚО-ларда қабылдау туралы шешім шығарды.

Қабылданған шаралар ХҚО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады. Енді қонақтар сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚО-ға барып, өздеріне қажетті қызметті мына мекенжайлар бойынша ала алады:

  • Алматы қ., Жетісу ауданы, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А;
  • Астана қ., Сауран к-сі, 7;
  • Павлодар қ., Павлов к-сі, 48;
  • Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2;
  • Қостанай қ., Гашек к-сі, 14;
  • Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157;
  • Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 189а;
  • Ақтөбе қ., Саңқыбай батыр даңғ., 249.

ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады.

Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін екенін еске саламыз.

Қалған ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Қонақтар «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады.

Мемлекеттік корпорация болып жатқан жағдайларды ретке келтіру үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатыр. Осы ретте клиенттерді түсінікпен қарауға шақырамыз. 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив