Елордада интернет-алаяқ виртуалды пәтерлерді жалға берген

Елордада интернет-алаяқ виртуалды пәтерлерді жалға берген

Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері киберқылмыстардың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Осылайша, жас жігіт басқа қалада тұрып жүріп, интернеттегі жалған хабарландырулар арқылы елордадағы пәтерлерді жалға берген. Жәбірленушілер күдіктінің сұрауы бойынша оның банктік шотына 15-20 мың теңге көлемінде кепілақша аударған. Алаяқ қажетті соманы алған кейін ұялы телефонын өшіріп, ізін суытқан. Жәбірленушілер алаяқтың айласына түсіп қалғандарын түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінген. Қаланың полициясына осындай 13 хабарлама келіп түскен.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция департаменті азаматтардан қызметтер мен сатып алу үшін ақы төлеу кезінде қырағылық танытуды сұрайды. Алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмау үшін ұсынылатын қызметтердің бар-жоғына көз жеткізіп, сипаттамаларымен танысып, бейнеқоңырау арқылы тауарды көрсетуді талап ету керек.

Астана қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив