Әділеттіліке жүгіну – адамгершілік белгісі  !

Әділеттіліке жүгіну – адамгершілік белгісі !

Әрине тарихи деректер ғылыми объективті сараптаудан, жан-жақты талдаудан өтуі ақиқатқа апарар тікелей жол екені хақ. Бірақ сол шынайы тарихи оқиғалар қандай да болмасын қоғамда әлеуметтік, саяси, діни, ұлттық  психология және тағысын-тағы  көзқарастар арқылы салмақталып, қабылданатыны сөзсіз. Сондықтан:  «Әркімнің ақиқаты өз жадында»  дегендей болып шыға келеді.  Тарихи объективті ақиқатты  біреулер бас ұрып мойындап, біреулер керсінше – тістене қабылдамауы - күнделікті тірліктің шындығы.

Қазақстан қоғамы құрамы бойынша өте күрделі қоғам екенін естен шығаруға болмайды. Біріншіден, қазақи құрылымымызды дәйекті де әділетті біріктіру, басты құндылықтарын қалыптастыру, орнықтыру бағытының өзінде «біреу қырға, біреу ойға» тартатыны тірлігіміздегі келеңсіз көрніс. Бұл орайда, басқасын былай қойғанда  қазіргі таңда тіліміздің берекесі қашқан сиқын айтсақ та болады. Басы Батыстағы Борат келекесіне, соңы жанымыздағы дұшпандардың мысқылдауына ұрынып  жүргенімізді еске алсақ та артық емес.  Екіншіден, ортамызда ресми мәлметтерге қарағанда 130 халықтың өкілдері жүрегнімен санаспауға болмайтын құбылыс. Оның ішінде көзі ашық 3 миллионға жуық орыс халқы. Сол Петрапавл қаласы орныққан Солтүстік Казақстан облысында 33 пайыздан аса құрап отырған солтүстік алпауыт көршіміздің өкілдері. Одан әрі, сол халықтың өкілі елінен шалғай  жүрсе де қамқорлық пен қорғауға аламыз деген Ресей Үкметінің шешімін естен шығару – біздің басты құнділіғымыз Тәуелсіздігімізді тәуекелге тіккенмен бірдей. Шалыс басып, олқылыққа ешқашан жол бермеуіміз керек. Сондықтан, қоғамдағы құбылыстар дүниесінде «ой-пікір басымдылығымен» санаспау қатерлі. Қоғамдық пікір салмақты дүние. Ертеден ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан ақиқат сөздің мәніне көңіл аударсақ,  орысша айтқанда:«Молва правит миром»(қазақша-қауесет әлемді билейді). Қауымды баурап билеген ойдың жойқын қозғауыш күш ретінде роль атқаратындығы жәйлі мыңдығын тарихи мысалдардға бәріміз қанықпыз. Мәселе сол басым ой қоғамымызда қандай мәндік сипат алатындығында. Алдағы уақытта ұтымды да мәнді, әділетті ойды қалыптастыру үшін зор  еңбек етуді талап ететіні өзінін-өзі түсінікті жәйт. Әділетті ойға, оған сүйенген шараға  кім де болсын басын иеді, қарсы болмайды. Ақиқат қайнар көзі осында. Осыған  қоса, әуелі өзіміздегі, содан кеін әлемдегі ой-пікір үрдістерін назардан қалыс қалдырмау абзал.

Сонымен, ұсынушылардың Петропавл қаласын  «Абылай хан» деген атқа ауыстуру қоғамды қауіпті екі жаққа  қақ бөлетініне күмән кетіруге болмайды. Тарихшылардың, тіпті қандастарымыздың арасының өздінде де бұл тұлғаға біржақты баға берілген жоқ.  Ал солтүстік өңірдің қалың орыстілдес ( орыс, украин, белорус және т.б.) халқықтарына  Аблайхан не, Шынғасхан не, Батухан не, Мамайхан не  – бәрі де ежелгі  басқыншыл қандыбалақ моңғол шапқыншылары  болып саналады. Мысалы, кейбір күнделікті бүліншілікке ұшыраған тұстарды байқаған орыстар: «Как Мамай прошелся...»( Мамай талқандап өткендей...)  деп ызалы сипаттайтыны жәйдан жәй емес. Ол орыстардың дүниетанымындағы ежелден қалыптасқан сенім,  санасы мен гендік жадында (орысша - генная памать) да сақталған түпкілікті ұғым. Кайсысының болсын көкректерінде байырғы кегі қайнап тұр. Сенбесеңіз Рейсейдегі шовинистік ұран ұстаған «скинхедтердің»  бүлікшіл топтарын есіңізге алуға болады. Олар аспаннан түскен жоқ, сол халықтың топырағынан жаралып, сол халықтың ортасынан «бүршік» атқан. Солардың қолдарынан  қандас жасөспірімдеріміздің  де құрбан болғаны белгілі.

         Ал енді Аблайхан туралы айтылғандарға орай мәселенің елімізге, тәуелсіздігімізге ұтымды тұстарына көңіл аударалық. Сол себепті, тек қана бүгінгі күн емес түпкілікті келешекті де ойға салу үлкен парыз. Күнделікті өзгерістерге түспейтін, өлмес құндылықтарымызды ұлықтайық, әспеттейік.

         Осыған орай, біріншіден аталған  өңірдің тумасы себепті, Петропавлда оқыған, көп жылдары еңбек еткен, орыс-қазаққа танымал,  қазақ поэзия көгжиегіндегі шолпандай жарқыраған жұлдызы, ұлы Абайдан кейінгі хакім, отаршылдық саясатқа бағынышты  тоториталдық сталиндік системаның жазықсыз құрбаны Мағжан Жұмабаев туралы тақырыпқа сай  пікірді ортаға салайық.  

        Қазақтың аса білімдар абыз ғалымы, академик Әлкей Марғұлан: «Мағжан Жұмабаев қазақ халықы үшін ағылшындарға Шекспир, орыстарға Пушкин сияқты маңызы бар» - деген еді. Шыншыл да лайықты  баға. Осы бағамен қосылатын орыстілділір әуелі жазушы В. Шестериковтың  «Летящее пламя» ( Қалықтаған жалын) деген Мағжанға арналған үлкен зертеу кітабі мен қоса осы облыс, республика денгейінде жарық көрген орыстілді мыңдаған мақалаларға қанық. Ал бауырлас «Ертүрік» халқы Мағжанды басына көтеріп тегіннен тегін астанасы Анкарада ескерткіш орнатпайды. Ол жерде бауырымыздың аброй-атағы биік. Біз де кемістік жібермеуіміз абзал. Мағжан атағын тиесілі биігіне жеткізе алмасақ, бізге тіпті ұят та.

         Орыстілділердің Мағжан жайлы өте жағымды пікірлері қалыптасқан. Онымен қоса, бір мысал ретінде, қазіргі  Германия, араларынан шыққан фашистердің еврейлерге аса зұлымдық жасағандары үшін (фашистер 6 миллион еврейлерді қырып жібірген) өзін кінәлі санап, еврей халқынан ресми кешірім сұрап, сонымен қоса оларды жанжақты қолдай отыра,  тіпті материалдық  көмек көрсетуде. Осындай әділеттілікті  орнықтыру ойы орыстілдес халқтарының көкейінде де терең жатқаны анық.

         Ғасырлар бойы  адамзат тарихындағы орын алған отаршылдық әдлетсіздіктермен  күресу  барысында Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка,  тіпті Европа елдерінің өзінде де жүздеген азаттық алған мемлекеттер басқыншылардан, отарлаушылдардан қалған  жағымсыз  белгілері сарқыншақтарын жойып, атауларын  өзгертіп, ұлттық сезімдерін қорламайтын құндылықтарды орнықтырды. Мысалы,  өркениетті Еуропадан бастайық. Польшада немістерден қалған 100-ден аса қалалардың атаулары өзгерген. Өйткені олар неміс басқыншылығын еске салып тұрған. Африка халықтары бостандық алаған шақтары ортаршылардан қалған елді мекендердің атаулары түгір,  24 мемлекеттердің атаулары өзгеріп, ол үрдіс колонизатролардан арылу процесін айқындатып, әлемдік дүниетанымда «африканизация» деген түсінікті тудырған. Ол үрдіске  ешкім қарсы болмаған. Өйткені ол, әдлетті азаттық үрдіс сипатын құраған.  Біріккен Ұлтар Ұйымы да отаршылдық пен оның сарқыншақтарын ашық айыптап тиісті қарар қабылдағаны белгілі. Ол қарар әлі де күшінде. Бұны дүние жүзі халықтары біліп, қолдаған.  Тіпті Россия Федерациясының өзі немістерден қалған Кенигсберг қаласын Калининград деген атауға өзгертті емес пе?  Ресейдің өзіне байланысты тағысын тағы мысалдар аз емес. Ал енді Ресей империализінен қалған отаршылдық саясаттың  белгісі іспеттес Петропавл деген атау түпкілікті қазақ халықын  әлі күнге дейін неге қорлыққа салуы керек?

         Оысларды түйіндей келе зиялы қауымға, патриоттық намысы бар биліктілерге айтар сөз, империалистік Ресей отаршылдық саясатының жалғасы болған сталинизм зұлым саясатының жазықсыз құрбаны, Ұлы Абаймен қатар  коюға болатын  ақын болып саналатын, еліміздің аса ардақты адал ұлы  Мағжан Жұмабаевты ұлықтау белгісі мен парапар, әділеттілікті орнықтыру шынайы нышаны, отаршылдық бұғаудың сарқыншағын жою ретінде  Петропавл қаласын  «Мағжанқала» деп атау орынды. Петропавлда Мағжанның орыстілді халықтың көзі үйренген еңселі ескерткіші де тұр. Басқа атаудың кисыны жоқ. Басқа атауды өңірдегі қалың орыстілділер мен қазақтардың өзі қабылдамайды.

         Қорытып келгенде, мемлекеттік, халықаралық, еларалық қарым-қатынаста екіжүзділікке жол бермей, әділеттілікті ғана бас қағида ретінде ұстану қай жаққа болсын тек аброй әперері сөзсіз. Осы ақиқат қашанда бұлтартпас нақты басшылыққа  алынса, сонда ғана  шынайы татулық пен тыныштық орнайды.     Ұлы Абай  «Қырық бесінші сөзінде»:   «Адамшылдықтың алды - махаббат, ғадлет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ» деген екен. Осы тоқтамға келейік - орыс-қазақ халайық.

Нақыпбек Сәдуақастегі, заңгер-құқықтанушы, публицист                                                                                         

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Beulah 10 апреля 2024 13:12

    Hello there! This is kind of off topic but I need some help from an established blog.
    Is it tough to set up your own blog? I'm not very techincal but
    I can figure things out pretty quick. I'm thinking about making my own but I'm not sure where to start.
    Do you have any ideas or suggestions? With thanks

    my blog; granisetron op recept in Rotterdam

  2. аватар
    Otilia 11 апреля 2024 21:47

    Thank you for every other informative web site. The place else may just I
    am getting that kind of information written in such an ideal means?
    I have a mission that I'm simply now operating on, and I have
    been on the glance out for such information.

    Check out my web page Werner

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив