4 миллион теңге кәсіпкерге қайтарылды

4 миллион теңге кәсіпкерге қайтарылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында прокуратура органдары тұрақты негізде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шараларын қабылдауда.

Мәселен, Байқоңыр ауданының прокуратурасы кәсіпкердің банк шоттарын заңсыз бұғаттау және фискалдық органның 4 миллион теңге салық берешегін есептен шығару фактісі бойынша өтінішін қарады.

Шаруашылық субъектісінің қаражатын есептен шығаруға негіз болған 2014 жылғы салық берешегі болды.

Алайда 2015 жылы салық амнистиясының негізінде бұл қарыз жойылуға жататын.

Салық органының заңсыз әрекеттері кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізіп, жұмыскерлердің жалақысын уақытылы төлеуге қауіп төндірді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша банк шоттары ашылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, кәсіпкерге заңсыз есептен шығарылған 4 миллион теңге қайтарылды.

Байқоңыр ауданы прокуратурасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі мобильді тобына келесі телефондар арқылы хабарласуға болатынын естеріңізге саламыз:

- бөлім басшысы Ксанов Асхат Баймұхаметұлы,тел.+7-775-987-01-10;

- бөлім прокуроры Сейтахметова Саида Темербулатқызы, тел.+7-777-324-21-87.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив