Сапалы білім беру табыс көзі

Сапалы білім беру табыс көзі

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың  Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы – қоғамымыз үшін мемлекеттік деңгейдегі  жаңа тарихтың ең маңызды құжаты ретінде қарастырылуы керек.

Мұнда ел дамуының өзекті мәселелерін айқындап, оларды шешудің нақты жолдары мен шаралары және қоғамның ұдайы дамуының стратегиялық бағдарлары мен бағыттарын белгілейді.

Жолдауда жоғары оқу орындары  білім берудің сапасын арттыру мен білікті мамандар даярлауға міндетті және оған барынша  қолдау көрсетілу керектігін атап өтті.

Осы орайда ауыл шаруашылығы саласындағы аграрлық жоғары оқу орындары   білім саласын әлемдік стандарттарға сәйкестендіріп, сапалы  білімді бойына сіңіруге  ынтасы бар, жан-жақты дамыған, жас мамандарды  даярлау басты назарда тұрған елеулі мәселе ретінде қарайды.

Соңғы жылдары бізге қарасты үш университет (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті) өз дамуында айтарлықтай серпіліс жасады. 2021-2022 оқу жылдарында білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын жаңғыртып, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірледі. Бұл университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамның сапалы білім беруге өз күштерін салып,  үздік шетелдік аграрлық университеттермен өзара іс-қимылды жандандыруы үлкен септігін тигізді.

Жаңғыртылған оқу бағдарламасында – жұмыс берушілердің  талабы мен халықаралық тәжірибелер және цифровизациялау мәселелері  ескеріліп, тіркелімге енгізілді.

Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жыл сайын 1565 білім гранты, ал 2022-2023 жылдарға 2195 грант бөлінді, яғни. 630 немесе 40%-ға, ветеринария жыл сайын 825, ал 2022-2023 жылдар аралығында 925 немесе 12%-ға өсті. Мемлекеттік білім гранты еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылады. Білікті кадрлардың қажеттілігі кадрларды даярлаудың жаңа жүйесін және оқу процесінің мазмұнын болжайды.

Осы тұрғыда, жастарға ғаламдық өлшеммен білім беру мәселелері стратегиялық маңызға ие. Еңбек нарығын ескере отырып, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету де аса маңызды.  Осы стратегияны іске асыру үшін экономиканың аграрлық секторларына жан-жақты білім алған, келешекті кеңінен ойлайтын, отансүйгіштік қасиетке ие жалынды жастарды тарту қажеттігі туындап тұр.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мағаналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.  Тәуелсіз мемлекетімізде жүйелі білім беру міндеті тұрғаны баршамызға белгілі. Бұл міндетті абыроймен атқару үшін ізденіп, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша жоғары оқу орындарына ендіру – профессорлық оқытушылар үшін үлкен парыз. Сонда ғана студенттердің білім деңгейінің көтерілуімен қатар, ұстаздар қауымының беделінің жоғарылай түсетіні анық.

Насырханова Бақыт Қайырғазықызы – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның бас менеджері, биология ғылымдарының докторы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив