Астанамызды қазақи қасиетті атаумен атайық!

Астанамызды қазақи қасиетті атаумен атайық!

 Егер түзу көрінсе, Ойлап-ойлап, құлаққа іл.

                                                   Абай

               Қалың бұқара Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту керектігін бірталай уақыттан бері айтып келеді. Осыған орай, мәжілісмен Еділ Жаңбыршин бастаған "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мынадай мәлімдемесіне көңіл аударайық: «...Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді».

               Халықтың қалаулыларының астанамыздың қазіргі атауын өзгерту керек деген ұсынысына қосыла отырып, оны толықтай қабылдай алмаймыз. Өйткені, Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту жайлы ұсыныстар халықымыздың басым көпшілігінің анық үні. Онымен санаспауға болмайды. Осы тұрғыда аталған депудаттық топтың халықтың даусын естігенсіп, бірақ, сонымен қоса жалтақтық, екіжақтылық пен алдамшылық танытып, майменкелеп, «Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді. Бұл Тұңғыш Президенттің бас қаламыздың құрылысын салдырудағы еңбегін де бағалау және халқымыздың ұсыныс-пікірін де ескеру» керек деген олқылық сөзбұйдалыққа салған. Егер, бұл топ Тұңғыш Президенттің «еңбегін» өздері бағалағандай ескеріп отырса, онда Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге бағытталған үндеу жария еткендігін қалай түсінуге болады? Әрине, бұл «Жаңа Қазақстан» нышаны емес, ертеден қалыптасқан «не онда жоқ, не мұнда жоқ-тың» кері емес пе?! Дәл солай. Айқын бағыт-бағдарға ұмтылып, қолды сыбанып, ескімен ымырасыз күрсесіп, Жаңа Қазақстан құрудың орнына, бұл ұстаным «тиіп қышып, көзбояушылыққа салу» болып тұр ғой.

               Біріншіден. Еліміздың болашағы мен үмітіне балайтын орталық шаһарымыздың Астана аталуының орынсыз екені неліктен айқын екендігіне жіті тоқталайық. Қазақта «Қайта жанған өрт жаман, қайтып келген қыз жаман» деген мақал бар. Сондықтан, астанамыздың атауын қайтадан олқы-солқы Астана деп атау ағаттық: қазіргі таңда сүрінгенімізді аңдып отырған дұшпандар алдында «елге күлкі, жұртқа масқара» боламыз. Бұрындары, билік Ақмола қаласының атауын белгілі себептермен өзгертуге еріксіз барып, әйтеуір, түпкілікті бұл қаланың атауының Нұр-Сұлтан аталатынын анық біле тұра, уақытша Астана (орысша – столица) деп атауға мәжбүр болған (назар аударыңыз - Астана қашанда уақытша атау болмақ). Уақыт келе бұл қала Нұр-Сұлтан аталып, бекігенде ешкім таңданбады. Бұған, сол кезде, қарсы болған халық шеруге шығып, наразылық білдірді. Қабылданған атау өзгермеді. Бірақ кешегі «Қаңтар оқиғасы» саяси өзгерістерді жеделдетті. Бұқара халық Елде үлкен өзгерістерді талап етіп отыр. Содан, «Жаңа Қазақстан - әділетті Қазақстан» деген ұран алға тартылды. Хош делік!

Осыған орай, әділеттілікке жүгініп, «астана» сөзінің мән-мағынасын талдап, қазақи түсініктер мен оның табиғатының қыр-сырына назар аударайық.  Екіншіден, «астана» сөзі – қазақтың дүнитанымына бай ана тілінен туындаған, көне топырағымыздың терең тамырынан сусындаған төл сөз емес.  Ол қазақ тілінің айналымына парсы тілінен енген кірме сөз екені ғылыми дәлелденген дәйек. «Астана» сөзі парсы тілінен елдімекеннің орталығы мағынасмен қазақи тіл айналымына сіңіп, кейіннен мемлекет орталығы деген түсінікті айқындаған. «АСТАНА(парсы сөзі)-...(астане). Белгілі бір мемлекеттің, республиканың саяси, шаруашылық және мәдени орталығы (Е.Б.Бекмұхаметов. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері.Түсіндірме сөздік. Алматы, «Қазақстан»,1977, 29 бет). Қазақи болмысымызға бұл сөз жат, кірме сөз болып тұрғандығы айдан айқын. Және, күнде түріп жүрген құлағымызға, ашық санамызға ұялататын атау емес. Бұл, кезінде биліктің құйтұрқы саясатының салдарынан қабылданған шешім, қоғами логиқаға көпе-көрнеу қайшы атау, құлаққа жағымсыз естілетін негізіндегі тавтология. Мысалы, Казақстанның астанасы Астана(Тавтология ж. бір сөздің мәнін қайталай беру(сөздың мағынасын толықтыруға пайдасы жоқ белгілі ір сөздың мәнін қайталай беру) Орысша-қазақша сөздік, 2 том, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы-1981, 406 бет). Сонымен, «астана» сөзі Еліміздің орталық қаласының атына жөн-жобасы келмейтін атау.

Үшіншіден, болашағын айқындаған Еліміздің астанасының атауы қандай да болмасын саяси өзерістерден ада, немесе басқа да әрқилы талпыныстарға, толқыныстарға төтеп беріп, ешқашан өзгермейтін, әрқилы қитұрқы әрекеттерге тосқауыл болатын, бұлжымас және киелі  топрағымыздан ажырамас мағына-түсінікті қамтитын атауды таңдау қасиетті парыз. Бұл қазақи төл атау – бабаларымыздың қаны мен тері мол сіңген атамекеніміздің нәрлі топырағығанан бой көтеріп, оны әлемге анық паш етіп тұратын, қасиетті жерімізден нәр алып, мәні мен сәні жарасып тоғысқан – «Ақмол-Ата» атауы.  Бұл атау, ежелден қазақтың құлағына сіңген бұрынғы Ақмола қаласының атауының дыбысымен ұйқас, әуендес болып тұр. Ең бастысы,  «Ақмол-Ата» деген қазақи төл сөздің мағынасы ғаламат терең де аса кең ауқымды екендігін санасы сергек ұлтжанды азаматтарымыздың түсініп, қабылдайтыны анық. Атам қазақ ағынан жарылып, тебірене бата бергенде, үмітке толы жыл басы науырыз тойында адамдар бір біріне тілек айтқанда: "Ақ мол" болсын дейді. Онысы, жалпы мол жақсылық, бақ-дәулет, шынайы игілікті тілек-ниеттер бастарымызға қонып, шындыққа айналуын меңзейді. Жастар басқосып, шаңырақ көтергенде батаның үлкені: «Қосағыңмен қоса ағар» деп айтылады. «Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді» -деп атам қазақ бекер айтпаған. Сонымен, «Алла ақ жағында» деген киелі сөз де ақиқат. Ал тіркес «Ата» сөзінің де қазақи қасиеті өте жоғары екені айдан айқын: «Атамекен» ( ежелден, атадан балаға мұра болып қалып отыратын, кіндік қаны тамған өлке), «Атажұрт»(халықтың ата-бабасынан ұрпақтарына мирас болып қалған, ел болып қалыптасқан тарихи мекені) және т.т. Сондықтан, Ақмол-Ата - игілігі мол қазақи аталы қала деген мағына береді. Бұл атау қандай да болмасын саясаттың толқыны жуып-шәйіп кетпейтін, халықтың игілікті өмір-тірлігімен, үлкен ізгі үмітімен  біте қайнайтын, санасына сіңіріп, жадында сақтайтын қасиетті дүние болып табылады. Сондықтан, ол мәнгілік қасиетті жерге тағылатын "ақтықтай" белгі беретін түсінік. «Нұр-Сұлтан» қаласының атауының орнына, Еліміздің бас шаһарын «Ақмол – Ата» атайық!  Қазіргі халықаралық аумалы-төкпелі жағдайға байланысты бұл дұрыс та тиімді шешімнің саяси мәнінің аса зор екендігін әр қазақстанның ұлтжанды патриоты жіті түсінгені абзал!

Байқасаңыз, осы атауға жарасып қосылар мына атаулар да қазақи төл сөздерден құралған, Қазақстанды өзіндік табиғи тарихи ежелдгімен сырт дұшпанкөздерге сес беріп, тәуелсіздігімізді паш етіп, біріне-бірі келісті үйлесіп тұрғандай: Алма-Ата (қазіргі-Алматы), Әулие-Ата (қазіргі-Тараз), Бектау-Ата (Орталық Қазақстандағы таулар), Бекет-Ата (қасиетті мешіт - қаланың атына да жарасымды болар еді), Ақ-Мешіт(қазіргі-Қызылорда)... Тәуелсіз елімізді қазақи ерекшелендіріп, дұшпанкөз қараниеттілерге алыстан тойтарыс беретіндей, осындай қасиеті мол төл сөздеріміз бен атауларымыз көбейе бергей!

Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-құқықтанушы, публицист

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив