Сотталғандар Абайға арналған іс-шарадан рухани азық алды.

Сотталғандар Абайға арналған іс-шарадан рухани азық алды.

10 тамыз - қазақтың ұлы ақыны  Абай Құнанбаевтың туған күніне орай, ЗК-169/4 мекемесінде  тәрбие бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.. »  атты  мәнерлеп оқу шарасы өтті.

     Сотталған азаматтардың қатысуымен болған бұл іс-шарада, олар ақынның өмір жолы мен  шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді.Тіптен бір сотталған «Абай жолы» романын оқығанын айтып, алған әсерімен бөлісті.

- «Абай жолы»  романын екінші қайтара оқыдым. Өйткені мұнда бос уақытым көп болады. Романдағы Құнанбай образы ұнады. Абай жолы, қазақтың жолы екенін білдім. Бұл эпопея, халқымыздың бүкіл салт-дәстүрін насихаттайды екен. Бейне бір тарихи кино көргендей әсерде жүрмін- деп,  Е.есімді сотталған алған әсерімен бөлісіп, романнан үзінді оқып берді.

   Келесі бір жазасын өтеуші азамат:

- Мен, кітапханадан ақынның өлеңдер жинағын алып оқыдым.Ақынның

«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» және «Адасқанның алды –жөн, арты-соқпақ» деген өлеңдерінде айтылғандай, шынында да, мен арзан ойынға қызығып, қылмыс жасадым. Қисық соқпаққа түсіп, адасып кеттім. Енді міне, соның жазасын өтеудемін-деп, өз ісіне өкінетіндігін білдірді.

- Маған Абайдың  «Отыз алтыншы қара  сөзі» ұнады. Онда, «Ұят деген –адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты деген жолдары ұнады. Қылмыстың өтеуі- жаза. Жазап өтеп, бостандыққа шыққан соң,Абай айтқандай, адал жолмен мал тауып, өмір сүремін- деді келесі бір, хакім Абайдың қара сөздерін оқыған сотталған.

- Ия, шынында да, Абай «Ойға түстім, толғандым. Өз мінімді қолға алдым», – дегендей, бұл іс-шараның сотталғандар үшін тәрбиелілік мәні зор болды. Өйткені олар, ақын шығармалары арқылы  өз-өзін танып, өз міндеріне сыни қарап адамгершілік қасиеттер мен «толық адам » қандай болу керектігі жайлы толғанысқа түсіп, біраз рухани азық алды- деп ойлаймын – деді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Абдулла Уайдаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив