Ұлы ақынды ұлықтау шарасы өтті

Ұлы ақынды ұлықтау шарасы өтті

05.07.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тіл маманы Дана Достанованың ұйымдастыруымен  ЗК-169/4 мекемесінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай, «Абай-дана, Абай -дара қазақта» тақырыбында  іс-шара өтті. Карантин режимінің барлық талаптарын сақталып өткізілген  шараға мекеменің 10-ға жуық қызметкері қатысты. Шара барысында Д.Достанова  Ұлы ақынның өнегелі өміріне, шығармаларына шолу жасады. Одан соң мекеме қызметкерлері ақынның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздерін оқып, өлеңдерін жатқа айтты. Осылайша,  Ұлын ақынның құндылығы дәріптелген шарада  ақынның әндері де орындалып, «Желсіз түнде жарық ай»  әні шырқалды.  

«Ұлы ақынның жырларын жаттап өстім. Абай атамыздың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та  астары терең ойдан құралған. Ақын өз өлеңдерінде халықтың қамын ойлап, жастарды білімге, еңбекке өнерге шақырған. Ақынның қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.  Ұлы ақынның өшпес мұрасын  ұлықтау – біздің парызымыз»,- дейді арнайы есепке алу тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты М.Табылғанова.  

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив