Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі  ұлттық комиссияның ата-аналарға  ҮНДЕУІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ата-аналарға ҮНДЕУІ

Құрметті ата-аналар!

Балалар - әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат байлығымыз. Бұл ешқандай түсіндіруді қажет етпейтін аксиома. Сондықтан, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия сіздерден жас балаларды қараусыз және олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларда қалдырмауды сұрайды. Соңғы кездері жазатайым оқиғалар мен қылмыстардың салдарынан қаза тапқан және зардап шеккен балалар туралы жаңалықтар көбеюде. Әрбір факт – үлкен қасірет, біз олардың алдын ала аламыз, алдын алуымыз керек және алдын алуға міндеттіміз. Өз кезегінде Ұлттық комиссия ата-аналар үшін өз балаларын тәрбиелеумен көбірек айналысуға, жауапты ата-ана мәдениетін ілгерілетуге, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық ортаны дамыту жөнінде шаралар қабылдауға ниетті. Қазір демалыс, белсенді демалу, оның ішінде су маңында демалу кезеңіне сәйкес келетін дәстүрлі жазғы демалыс уақыты. Оның үстіне бұл күндері көшеде күн ыстық, соның кесірінен көпқабатты пәтерлердің терезелерін ашық қалдырушылар көп.         Бұған қоса, еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған бала күндізгі уақытта өздерімен-өздері қалып қояды. Балаларыңызды қауіпті жағдайда қалдырмаңыздар! Сергек және жауапты болыңыздар! Балаларыңыздың қауіпсіздігі сіздерге байланысты!

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив