«Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы Ұлттық академиялық кітапханаға табысталды

«Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы Ұлттық академиялық кітапханаға табысталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы мен Ұлттық академиялық кітапхана арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.

Іскерлік кездесуде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жолдыбалинов:

«Екі мекеменің руханият саласында атқарып жатқан жұмыстарының мәні мен мақсаты бір. Ел азаматтары арасында патриотизмды насихаттау, отансүйгіштікті дәріптеу бағытында алдағы уақытта бірлікте жұмыс атқарамыз. Осы ретте бүгінгі екі жақты меморандум алдағы уақытта өзінің жемісін беріп, сәтті жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деген сенім бар», – деді.

Өз кезегінде Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұмаұлы меморандум аясында тиісті келісімге келіп, алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жобаларға бірге атсалысатынын мәлімдей келе: « тарих саласындағы ғалымдарымызбен бірге қазір «Қазақ геральдикасы» кітабын шығардық. Геральдиканың өзі - өткен өміріміздің немесе өткен ғасырларымыздың тарихы. Қазіргі таңда осы нышандардың кейбірі қолданылып жүр. Ұмыт болған геральдикалық белгілерді, иероглифтерді бүгінде ғалымдарымыз зерттеп жатыр», - деді.

Шара аясында Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Ұлттық академиялық кітапханаға екі жүз дана «Қазақ геральдикасы» кітап-альбомын табыстады. Нұржан Нұрланұлы өз алғысын білдіріп, бұл зерттеу еңбегінің өңірлердегі кітапханаларға да жіберетінін айтты.   

Ежелгі нышандар мен таңбалар қамтылған кітапта ғалымдар ғұн заманынан бері тасқа қашалған таңбалардың қазақ елінің елтаңбасына айналуының тарихи мән-маңызы баяндалған.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив