«Астана – жаңа қала» АЭА индустриялық паркінің аумағында 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

«Астана – жаңа қала» АЭА индустриялық паркінің аумағында 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бүгінге дейін «Астана – жаңа қала» АЭА индустриялық паркі аумағында 50-ден астам жоба жүзеге асырылды. ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің мамандары елорданың арнайы экономикалық аймағына барып, ондағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

 Экономикалық аймақта сәтті жүзеге асырылған жобаның бірі – «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС зауыты. Қазіргі таңда кәсіпорын 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында зауыт 50,3 млрд теңгенің өнімін өндірген.

Кәсіпорын еліміздің күштік құрылымдарына қажетті құрал-жабдықтар шығарады. Олардың қатарында түнде көру қабілетін арттыратын аспаптар, оптикалық жабдықтар, қару-жарақ жүйелері, антидрон, байланыс құралдары, барлау жүргізуге арналған лазерлік және жылуға ден қоюшы аспаптар бар.

Сондай-ақ индустриялық паркте жарықдиодты шамдарды өндіру және құрастырумен айналысатын «LED Solution» зауыты табысты жұмыс істеуде. Кәсіпорын кәсіби жарықтандыру саласында тұтынушыға кешенді әрі тиімді шешімдерді ұсынып, 10 жылдық кепілдемесі бар жоғары сапалы құрылғылар шығарады.

Бір аймақта өндірістік жұмыстардың барлық сатыларының жүргізілуі –өнімдерді шығару кезіндегі барлық процесті бақылауға және әрбір модельге қажетті өзгерістерді жылдам енгізуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, «Астана – жаңа қала» АЭА-ның іске қосылуы – елорданың дамуына елеулі үлес қосты. Экономикалық аймақ құрылғалы бері 20 жылға жуық уақыт өтті. Осы мерзім аралығында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты, «Astana Ютария ltd» тігін фабрикасы, «GLB» ЖШС үй құрылысы комбинаты, «Modex Astana» ЖШС көлемді-блокты үй құрылысы зауыты сынды ауқымды жобалар сәтті іске асты.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив