Ермұхамет Ертісбаев: «Халық республикалық референдумды қолдап отыр»

Ермұхамет Ертісбаев: «Халық республикалық референдумды қолдап отыр»

2022 жылғы 1 маусымда Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.

ҚХП басшысының жұмыс кестесіндегі алғашқы іс-шара алматылық  партияластармен кездесу болды. Е.Ертісбаев жиналғандардың алдында 5 маусымда өтетін республикалық референдум аясында Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы сөз сөйледі.

– Кеше Қазақстан Халық партиясы 10 сағаттық онлайн-марафон ұйымдастырды. Бұл – партияның референдумды қолдауға қосқан үлесі. Біз

осы айда түзетулер мен толықтырулардың мәнін жан-жақты түсіндірдік. Өңірлерді аралап, халықпен кездестік. Көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап бердік. Ауқымды аудиторияны қамтитын БАҚ өкілдеріне, интернет-алаңдарға сұхбат бердік. Халық Конституциялық реформа мен республикалық референдумды қолдап отыр. Осыны атап өткім келеді, – деді Е.Ертісбаев.

Партия төрағасы Президент Қазақстан Халық партиясының ҚР Конституциясына «Жер және оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болуы керек» деген түзету енгізу туралы бастамасын қолдағанын мәлімдеді.

Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» дегеннің шынайы белгісі. Қазақстан Халық партиясы саясатта халық билігі орнағанын, экономикада халықтық капитализм қалыптасқанын қолдайды, – деді ҚХП төрағасы.

ҚХП мүшелері партия басшысын қолдап, Конституцияға енгізілетін барлық түзетулердің жаңа Қазақстанның қалыптасуы үшін маңызы зор екенін айтты.

Шара шеңберінде Е.Ертісбаев партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттерін табыстап, олардың саяси ұйымның нығаюы мен дамуына өлшеусіз үлес қосатынына сенім білдірді.

ҚХП баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив