Республиканың Ардагерлерұйымы бүкілхалықтық референдумға қолдау білдіріп Үндеу қабылдады

Республиканың Ардагерлерұйымы бүкілхалықтық референдумға қолдау білдіріп Үндеу қабылдады

2022 жылғы 20 мамырда сағат 11-де Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің кіші залында "Ардагерлер ұйымы"республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ІХ съезі өтті.

Съезд жұмысына республиканың барлық 17 өңірінен делегаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен шақырылған қонақтар онлайн режимде және  съезд жұмысының құрметті қонақтары Республикалық референдумды қоғамдық қолдау штабының басшысы Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев және Мемлекет және қоғам қайраткері, Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев қатысты.

Б.Ізмұхамбетов.19  мамыр күні Қазақстан Ресрпубликасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауында болғанын өте жылы қабылдау болғанын айтып, Президентке ардагерлердің жұмысы туралы және     Референдум бойынша екі бағытта жұмыс жасап жатқанын, бірінші Конституцияға өзгеріс енгізудің маңыздылығы туралы, екінші ардагерлер тұрғындарға референдумның мәнін түсіндіріп қатысуға белсенділік көрсетуга шақырып жұмыс жасалып  жатқаны туралы айтты.

Президент өз тарапынан қоғамдық жұмыстарды ел ардагерлерінің белсенділік күтетінін жеткізді. Ел ардагерлері еліміздің тұрақтылығы, тыныштығы үшін, мемлекет басшысының бастамасына әрқашан қолдау көрсететінін референдумды қолдау үшін республикалық штаб құрылғанын айтып өтті.

Бұдан басқа, Орталық кеңесте барлық 17 өңірдегі филиалдар төрағаларының ұйымдастыруымен референдумды қоғамдық қолдау штабтары құрылып жұмыс істеп жатыр деді. Олардың қатарына жергілікті өңірге танымал, мемлекет және  қоғам қайраткерлері, елге  сыйлы ардагерлер жұмылдырылды. Штаб құрамындағы ардагерлер конституциялық реформалардың негізгі ережелерін тұрғындарға кеңінен түсіндірумен айналысатынын. Бұл- жұмыстар еліміздің барлық өңірі бойынша жүргізіліп жатыр деді.

Сонымен қатар,  Орталық кеңесте штаб жұмысын үйымдастыруға қолайлы болу үшін әзірленген нұсқаулық пен іс-шаралар жоспары, онда штаб мүшелері атқаратын жұмыстар  нақты бекітілгенін айтып өтті.

Сөзінің соңында Б.Ізмұхамбетовардагерлеріміз «Ата заңымызға» енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіруде белсенділік көрсетіп, 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысып өз таңдауын жасауға халықты шақыруы керек деді.

Төлеубек  Мукашев өз сөзінде былай нақтылады: « Әулет басы, Ел аға ретінде 5-ші маусым күні балашағаларыңызды, немерелеріңізбен, ағайын туыстарыңызбен, көрші достарыңызбен сайлау учаскесіне келіп, біздің болашағымызға Еліміздің өркендеп өсіп дамуына, бірлікке, Тәуелсіздігіміздің Туын биікке көтеруге, дүние жүзінің дамыған елдерімен тереземіз тең болуға, мәңгілік елге айналуға дауыстарыңызды, ағалық тілек баталарыңызды беріп, Алға, жарқын болашаққа бастайық».

Ж.Ерғалиев өз сөзінде -билік басына келген екінші Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату идеясын ортаға тастағанын, Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамды алаңдатып, сан алуан пікірлер тоғысып жатқан алаңға орынды бастамамен шыққанын айтты.Ардагерлердің кезектен тыс IX съезінде Республика Конституциясына ұсынылған түзетулерді енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасына орай, Референдум аясында жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығы айтылды.

Қортындысында, Ел ардагерлері Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Конституцияға өзгерістер енгізу туралы өз пікірін айтуға құқылы екенінайтып, Қазақстан халқын бүкілхалықтық референдумды қолдауға шақырып Үндеуін  жариялады.

Орталық Кеңестің Аппараты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив