Қазақстанда «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

Қазақстанда «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

Қазақстанда 7 мыңнан астам оқушы «SportFEST Kazakhstan» III республикалық спартакиадасына қатысты.

Биыл жарысқа республиканың 17 өңірінің 215 ауданынан 2004-2007 жылғы оқушылар бақ сынасты. «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасында бұрынғыдай шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол, ұлдар арасында футзал, әскери қолданбалы спорт, тоғызқұмалақ ойындары бар.

Сайыс еліміздің барлық өңірінде өтті. Спартакиада екі іріктеу кезеңінен тұрады. Алдымен барлық облыста және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында аймақтық жарыстар өтеді. Бұл кезеңде аудандық, облыстық маңызы бар қаланың командасы өзара сайысқа түседі. І кезеңнің жеңімпаздары «Балдәурен» лагерінде (Бурабай қаласы) өтетін ІІ турда өңірінің немесе қаласының намысын қорғайды.

«SportFEST Kazakhstan» - бұл жас спортшыларды қолдайтың бірегей жоба. Бұл инициатива «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен өтеді. Қор балаларды қолдау мен дамытуға арналған көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ақтық іріктеу кезеңінде финалистерді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының Бас директоры Альфия Адиева құттықтады. Айтуынша, спорт тек рекордтар мен жарыстар емес, бұл біріншіден жан және тән саулығы, темірдей тәртіп әрі керемет орта.

«Өздеріңіз білетіндей, «Samruk-Kazyna Trust» жұмысының басым бағыттарының бірі балалармен жұмыс, олардың құқығын қорғау, әртүрлі бағыт бойынша нақты қолдау көрсету. Дәл осы бастама аясында, қор оқушылар арасында салауатты өмір салтын ұстану қағидаттарын қалыптастырып, көптеген жастың спортқа келуіне ықпал етеді», - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының Бас директоры Альфия Адиева.

Айта кетейік, балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі танытуына және дене дайындығын түзетуге бағытталған республикалық спартакиада жастар арасында бұқаралық спорт пен патриоттық тәрбиені насихаттайтын жарыс ретінде танылды. Жоба басталғаннан бері республика бойынша 21 000-нан астам оқушы қатысты!

«Мен футболмен жеті жыл бойы айналысып келемін, бірақ бүгін ұмытылмас эмоциялар болды, әрбір турнир қызықты өтеді. Ұйымдастырушыларға өзіңді тағы бір рет дәлелдеп, жаңа адамдармен танысуға болатын осындай турнир үшін рахмет. Достармен ойнауға мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет», - деп Нұр-Сұлтан қаласындағы бірінші іріктеу кезеңінің қатысушысы өз әсерімен бөлісті

Айта кетейік, спорттық ойындар өткізу үшін құрал-жабдықтар сатып алынады да кейін сол өңірдегі мектептерге сыйға беріледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив