С. Шәпкенов Қазақстан зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту жөнінде айтты

С. Шәпкенов Қазақстан зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту жөнінде айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) 2021 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлар бойынша кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов Қазақстанның зейнетақы жүйесі одан әрі қалай дамитыны туралы айтып берді.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Серік Шәпкенов азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру – бұл Еңбекмині жұмысының болашақ зейнеткерлердің жағдайының нашарлауына жол бермеу үшін бүгінде батыл шараларды талап ететінін бағыты екенін атап өтті.

Министр бүгінгі таңда елімізде 2,2 млн зейнеткер бар екенін, бюджеттен орташа зейнетақы мөлшері 99 937 теңгені құрайтынын (оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 68 839 теңге, базалық зейнетақы – 31 098 теңге) еске салды.

2021 жылы Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша азаматтарға өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін алу құқығы берілді. 2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша барлығы 2,79 трлн теңгеге жуық сомаға 1 миллионнан астам өтініш мақұлданды.

Сонымен бірге жоғалған табысты зейнетақымен алмастыру коэффициенті ынтымақты зейнетақыдан жинақтаушы зейнетақыға көшуді ескере отырып, жыл сайын төмендейді.

«БЖЗҚ актуарлық есебіне сәйкес, 2028 жылы зейнетақы орташа айлық жалақының шамамен 47,4%-ын ғана, 2040 жылы 39,2%, ал 2060 жылы бар болғаны 29,5% алмастыратын болады. Сондықтан зейнетақы жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың қолданыстағы Тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Серік Шәпкенов.

Біріншіден, ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру шеңберінде, 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделген. Бүгінде оны тағайындаудың нақты тетігі қарастырылуда.

Екіншіден, 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарнасын енгізу көзделген. ЖМЗЖ енгізу қолданыстағы Тұжырымдамада көрініс тапқан. Нәтижесінде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін Халықаралық еңбек ұйымы ұсынатын стандарттан төмен емес деңгейде сақтау қамтамасыз етіледі (жоғалған табыстың кемінде 40%-ын зейнетақымен алмастыру).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив