Смарт-әшекейлер, романтикалық кездесулерге арналған декор, денсаулық пен сұлулыққа арналған гаджеттер – қазақстандықтар Ғашықтар күнінде бір біріне не сыйлайды

Смарт-әшекейлер, романтикалық кездесулерге арналған декор, денсаулық пен сұлулыққа арналған гаджеттер – қазақстандықтар Ғашықтар күнінде бір біріне не сыйлайды

Ғашықтар күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Әр елде мерекені тойлау дәстүрі әртүрлі болғанмен жақын адамдарына сыйлық жасау, романтикалық кездесулер және бірге уақыт өткізу – мерекенің ажырамас атрибуттары болып есептеледі. AliExpress командасы осы мерекеге қазақстандықтар қалай дайындалғанын және соңғы жылда сатып алулардың  қандай трендтері пайда болғанын анықтады.  

Ғашықтар күнінің қарсаңында өткен жылдағыдай осы жылы да  AliExpress−тағы ең көп сатып алынатын тауар категориясы смартфондар және оларға арналған аксессуарлар болып қалуда. 2022 жылы ең көп сатылған үлгі Realme 8 смартфоны болды, ал аксессуарлардың ішінде мереке алдында сүйкімді принттері бар смартфондарға арналған тыстарды  жиі сатып алған.  

Осы жылы көп сатып алынған тауарлардың үшінші орнында мерекелік кештерді безендіруге арналған тауарлар болды. Былтырғы жылы бұл категория ең жиі сатып алынатын тауарлардың топ-10 да кірмеген, бірақ 2022 жылы қазақстандықтар романтикалық безендіруге көбірек уақыт бөліп, романтикалық күн тақырыбында  бөлмелерді безендіруге арналған – қабырғаға жабыстыратын стикерлерге, жүрек түрінде орындалған аспалы гирляндаларға, акрилді конфеттиге, безендіруге арналған қыстырғыштарға  және басқа да көптеген заттарға тапсырыс берген.  

Қазақстандықтар мерекені қандай киімде қарсы алу керектігіне де назар аударған. Әшекейлер мен әйелдер киімі өткен жылдағыдай сұранысы жоғары тауарлар болып қалуда, сонымен бірге әйелдер жиделерінің сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 20 есеге өскен, фавориттер арасында ашық трендті түстердегі және ерекше пішімді, сәнді анималистті принті бар, ассиметриялық, кербез атласты және кеудетартпалы үлгілер бар.  

Қазақстан тұрғындары сүйген адамдарына тек қана жағымды сыйлықтар емес, сонымен бірге пайдалы технологиялық сыйлықтар беруге ниетті. Осылайша дәстүрлі сырға, сақина, білезік және өзгелер секілді әшекейлер мен бижутериялардан басқа, осы жылы маркетплейс сарапшылары жаңа трендті байқаған – смарт-әшекейлер, олардың сатылымы 12 есе өскен. Мұндай әшекейлер стильді сақиналар  кейіпінде болады, олардың көмегімен ұялы телефонмен байланыс орнатуға болады және аксессуарды байланыссыз төлем үшін пайдалануға, физикалық белсенділіктерді бақылауға, кіріс қоңырау шалулар мен хабарламаларды алуға және т.б. қажеттіліктерге пайдалануға болады. 

Ағымдағы жылда да, өткен жылда да ең сүйікті сыйлықтардың бірі – өз қолымен жасаған сыйлықтар болып қалуда. Оларды жасап шығару үшін қазақстандықтар тоқуға және тігуге арналған тауарларға тапсырыс берген: иірілген жіп, ілмектер, тоқыма біз, маталар, шілтерлі таспалар  және көптеген өзге заттар. Осы тауарлар мереке алдында сұранысы ең көп 10 тізімінде болғанына қарамастан өткен жылмен салыстырғанда қолөнерге арналған тауарлардың сұранысы кішкене төмендеген және олар сегізінше орынға түскен, ал  2021 жылы олар көшбасшылардың рейтингінде төртінші орынға ие болған еді.  

Ғашықтар күнінің қарсаңында ең жиі тапсырыс жасалатын топ-10 – ның жетінші орнынан тоғызыншы орнына үлкендерге арналған тауарлар түсті. 

Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда қазақстандықтар сыйлықтар ретінде денсаулық пен сұлулыққа арналған тауарларды жиі сатып алатын болған, олардың сатылымы  18 есеге өскен, ал ең жиі тапсырыс берілетіндердің тізіміне келесілер кірді: электрлік тіс щеткалары, бетті уақалауға арналған жиынтықтар, смарт-браслеттер, шашқа күтім жасауға арналған тауарлар  және т.б. 

2021 жылы халықаралық Picodi.com қызметі өткізген сауалнамаға сәйкес, оның шеңберінде әлемнің 38 елдерінен 11 мың сауалнамаға жауап беруші сұралған болатын, Ғашықтар күні Қазақстанда көпшілікке танымал: сауалнама қойылған қазақстандықтардың 61% бұл мерекені атап өтеді, ал сауалнама алынғандардың 58% өздерінің ғашықтарына сыйлықтар сыйлайды.  

Сауалнама өткізілген елдердің ішінде сыйлықтар жасауға ең жомарты Гонконг ($124), Ұлыбритания ($117) және Ирландия ($112) тұрғындары екен. Қазақстандықтар сыйлықтарға орташа алғанда $36 жұмсайды. 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив