Windows 11-дің ДК жаңа дәуіріне арналған жаңа функциялары

Windows 11-дің ДК жаңа дәуіріне арналған жаңа функциялары

Бүгінгі жаңалық: Windows-қа арналған Android™ қосымшалары, Notepad және Media Player жаңартылған қосымшалары 

 Microsoft ақпан айында Windows-қа арналған жаңа мүмкіндіктерін таныстырады, атап айтқанда, Microsoft Store-де Windows 11-дегі  Android™¹ қосымшаларының жалпыға қолжетімді демонстрациялық нұсқасын, операциялық жүйенің міндеттер панеліндегі жаңаруларды, оның ішінде шақырулардың дыбысын қосу мен өшіруді, терезелерді жеңіл түрде бірге пайдалануды, сондай-ақ Notepad және Media Player қайта өңделген екі жаңа қосымшасының іске қосылуын. 

Соңғы екі жылдың ішінде қалыпты өмір салты мен жұмыс процестерінде елеулі өзгерістер орын алды, және бүгінгі күні дербес компьютерлер бұрынғыдан гөрі әлдеқайда маңызды рөл ойнауда. Қажеттіліктен туындаған жаңа жол-жосық модельдері дүниежүзіндегі адамдар мен ұйымдардың өз басымдықтарын қайта қарау процесіндегі әдеттерге айналды. Осынау өзгерістердің барлығы ДК пайдаланудың жаңа дәуіріне жетелеуде.

ДК нарығында үш орнықты тенденция байқалады: гибридті жұмыс пен оқудың өсуі, ойын-сауықтар мен ақпаратты алу модельдеріне қатысты өзгерістер, сондай-ақ күнделікті міндеттер барысындағы тұтынушылық әдеттерді қайта қарау. Қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігін пайдаланып көрген көптеген адамдар солай жұмыс істеуін жалғастырғысы келеді, және бұл тренд адамдардың Windows-ті қалай пайдаланатынынан көрінеді. Соңғы екі жыл ішінде қарым-қатынас жасау және бірлесе жұмыс істеу үшін Windows-тің Microsoft Teams сияқты қосымшаларын пайдаланатын адамдар саны 6 есеге артқан. Адамдардың көңіл көтерудегі және ақпаратты алудағы әдеттері де айтарлықтай өзгерді. Пандемия басталғалы бері Hulu, Netflix және YouTube арқылы контент алушы Windows пайдаланушыларының саны 70 %-ға өсіп, бір айдағы ойын минуттары санының артуы 35 %-дан жоғары көрсеткішті құраған. Қазір геймерлердің саны теледидар көретін адамдардың санымен бірдей. Тұтынушылар күнделікті міндеттеріне қатысты әдеттерін де өзгертуде: өнімдерді сатып алумен немесе дәрігерге барумен байланысты онлайн тапсырыстар мен виртуалдық кездесулердің саны көбеюде. Компьютерлерді сатып алулар үшін пайдаланатын Windows тұтынушыларының саны 2 есеге артып, онлайн-шопингтің уақыты 40 %-ға көбейген.

Microsoft қазан айында Windows 11-ді іске қосқан  сәттен бастап оған деген жоғары сұраныстың бар екенін аңғарды. Бұл операциялық жүйе сапасы жағынан және Windows-тің осы уақытқа дейін шығарылған барлық нұсқаларының арасында тұтынушыларды қанағаттандыруы жағынан ең жоғарғы көрсеткіштерге ие болып отыр. Windows 365 ОЖ арқасында бұлтқа ауысады, ол жерде қызметкерлер кез келген құрылғыдан қауіпсіз жұмыс істей алады. ОЖ бағыттарының бірі, Windows 11 SE, мектептерге оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін қарапайым ортаны ұсынады.

Инновацияларға, ойындарға, шығармашылық пен зерттеулерге арналған орын болып қалатын Windows бүгінгі күннің өзекті трендтерін ескере отырып дамуы мен жетілуін жалғастыра береді.

¹Android Google LLC тауарлық белгісі болып табылады. 

Microsoft туралы

Microsoft (Nasdaq “MSFT” @microsoft) «интеллектуалдық бұлт» және «интеллектуалдық технологиялар» дәуірінде цифрлық трансформацияға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Компанияның миссиясы – планетадағы әр адамға және ұйымға көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беру.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив